• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 05:04:49
Алматы
+35°

20 Ақпан, 2018 NEWS

Қазір Қазақстанда көпдеңгейлі зейнетақы жүйесі жұмыс істейді – А.Нарматов

Қазіргі уақытта Қазақстанда базалық, міндетті және ерікті деңгейлерден тұратын көпдеңгейлі зейнетақы жүйесі жұмыс істейді

Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Айдынжан Нарматовтың қатысуымен брифинг өтті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Оның сөзіне сүйенсек, қазіргі уақытта Қазақстанда базалық, міндетті және ерікті деңгейлерден тұратын көпдеңгейлі зейнетақы жүйесі жұмыс істейді.

Алматы

Бірінші деңгей (базалық) – мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, бұл зейнеткерлікке шығатын барлық азаматқа еңбек өтілі мен табысына қарамастан бірдей тағайындалады.

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына арнаған жолдауын іске асыру үшін 2005 жылдан бастап енгізілді, ол кедейшіліктің алдын алуда негізгі құрал болды және қарттардың табысын ұлғайтуға мүмкіндік берді,-дейді ол.

Екінші деңгей (міндетті) – ынтымақты зейнетақы, ол 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жинақталған еңбек өтіліне және 10 %-дық міндетті зейнетақы жарналарынан қалыптасқан зейнетақы жинақтарының есебінен жүргізілетін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы  аударымдар – зейнеталдындағы табысқа байланысты республикалық бюджет қаражатынан төленеді.

Алматы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 841 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында ынтымақты зейнетақы мөлшерін тиімді деңгейде ұстап тұру үшін олардың мөлшерін жыл сайын инфляция деңгейінен екі пайызға ілгерілете отырып индекстеу көзделген,-деп атап өтті.

Үшінші деңгей (ерікті) – ерікті зейнетақы жарналары есебінен берілетін төлемдер.

Қолданыстағы Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес, болашақта зейнеткерлердің қосымша табыс көзіне айналатын ерікті зейнетақы жарналары есебінен азаматтарға өздерінің жинақтарын ұлғайту мүмкіндігі беріліп отыр.

Осылайша, қазіргі зейнетақымен қамсыздандыру моделі әрбір азаматтың ертеңгі күні зейнетақымен қамсыздандырылуына өздерінің дербес жауапты болуын көздейді,-деп айтып өтті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір