• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 15:27:13
Алматы
+35°

13 Наурыз, 2019 Экономика

Қазақстанның қай аймағында жоғары білім қымбатқа түседі?

Баланың білім алуына қорды қашаннан бастап жинаған дұрыс және мұны қалай жасауға болады.

Қазақстанның қай аймақтарында жоғары білім қымбатқа түседі, баланың білім алуына қорды қашаннан бастап жинаған дұрыс және мұны қалай жасауға болады.

Жыл сайын жүз мыңдаған қазақстандық жоғары сынып оқушылары болашақта кім боламын және қай университетке оқуға түсемін деген күрделі таңдау алдында тұрады. Көп нәрсе: болашақта еңбек нарығында сұранысқа ие болу, еңбекақы мөлшері және мансаптық перспективалар нақ осы шешімге байланысты болады.

ҚР статистика жөніндегі комитетінің деректері бойынша, 2018 жылы қазақстандық жоғары оқу орындарына 163 336 адам оқуға түскен. Ал барлығы өткен жылда елімізде 542 258 студент болды. Талапкерлер арасындағы ең танымал мамандықтар халықаралық құқық, қаржы, экономика және құқықтану болды. Алайда соңғы бірнеше жылда АТ саласымен, бағдарламалаумен, деректерді талдаумен, робототехникамен, генетикамен байланысты мамандықтарға қызығушылық қатты артты. Қазақстан үшін осы салалардағы мамандықтардың көбі жаңа болып табылатындығына қарамастан, әлемде олар ең көп сұранысқа ие мамандықтардың бірі болып есептеледі. Таяу жылдарда осы мамандықтардағы мамандарға сұраныс бұдан да көп арта түседі.

Болжамдар бойынша, 10 жылдан кейін-ақ әлемдегі мамандықтардың басым бөлігі қазіргі уақытта әлі жоқ мамандықтарға тиесілі болады. Олардың бәрі қарқынды түрде дамып келе жатқан болашақ технологияларымен байланысты болмақ. Университеттер, соның ішінде қазақстандық университеттер мамандарды уақтылы оқытып бастау үшін өз жұмыстарында осындай болжамдарды пайдаланады.

Балаларына жай ғана жақсы жоғары білім беріп қана қоймай, сонымен қатар, болашақта өзекті болатын білімдер мен дағдыларды бергілері келетін ата-аналарға да осыны ескеру қажет. Сондықтан басқа елдердегі көптеген ата-аналар балаларының университетке түсуінен 5-8 жыл бұрын, алдын ала қор жинай бастайды. Қазақстандық ата-аналар да өзгешеленбейді

Қазіргі уақытта елімізде 124 жоғары оқу орны жұмыс істейді, олардағы оқу құны айтарлықтай қатты өзгешеленеді. «Freedom Finance Life» өмірді сақтандыру компаниясының мамандары ашық көздерден және қазақстандық жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларынан алынған деректерді талдап, бакалавриатта бір жылғы оқу құны бойынша ҚР аймақтарының рейтингін құрастырды.

«Орташа есеппен алғанда, қазақстандық университет бакалавриатындағы бір жылдық оқу студент үшін 396 307 теңгеге айналады, - деп мәлімдеді «Freedom Finance Life» өмірді сақтандыру  компаниясының Басқарма төрағасы Азамат Ердесов. – Тиісінше бакалавриаттың төрт жылына 1 585 228 теңге төлеу қажет болады. Көптеген қазақстандықтар үшін бұл – жинау қиынға түсетін үлкен сома. Әсіресе жоғары білімнің жыл сайын 10-15%-ға қымбаттап отыратындығын ескеретін болсақ».

Талдау нәтижелері бойынша, ең қымбат жоғары білім – Алматы қаласында: мұнда бакалавриаттағы бір жылдық оқудың орташа құны студентке 671 397 теңгеге айналады. Төрт жылға 2 685 588 теңге төлеуге тура келеді. Айта кету керек, бұл – алматылық жоғары оқу орнындағы оқудың орташа құны ғана. Оңтүстік астанаға еліміздегі барлық жоғары оқу орындарының 33%-ы тиесілі, сондықтан құн айырмасы өте үлкен және жылына 205 000 теңгеден бастап 2 157 000 теңгеге дейін түрленеді.

Рейтингте Алматыдан кейін Алматы облысы мен Астана тұр. Бұл аймақтарда бакалавриаттағы бір жылдық оқу орташа есеппен алғанда тиісінше 542 216 және 532 384 теңге болады. Бұл ретте бір жылдық оқудың ең жоғарғы құны – Алматы облысында 1 250 000 теңге және Астанада 1 000 000 теңге.

Рейтингте олардың соңынан Ақтөбе облысы (жылына 484 333 теңге), Солтүстік Қазақстан облысы (жылына 450 000 теңге) және Шығыс Қазақстан облысы (жылына 444 114 теңге) ілеседі. Қазақстанның барлық аймақтары бойынша нәтижелер төмендегі кестеде келтірілген.

Жоғары білімнің құны бойынша ҚР аймақтарының рейтингі

бакалавриатта (күндізгі бөлімдегі 1 жыл үшін)

2018 – 2019

Аймақ

Бір жылдық оқудың орташа құны, теңге

Бір жылдық оқудың ең жоғарғы құны, теңге

Бір жылдық оқудың ең төменгі құны, теңге

1

Алматы

671 397

2 157 000

205 500

2

Алматы облысы

542 216

1 250 000

390 000

3

Астана

532 384

1 000 000

340 000

4

Ақтөбе облысы

484 333

750 000

343 000

5

СҚО

450 000

635 800

370 000

6

ШҚО

444 114

700 000

342 900

7

Ақмола облысы

399 650

635 800

342 900

8

Атырау облысы

361 667

395 000

340 000

9

Павлодар облысы

341 600

464 000

342 900

10

Маңғыстау облысы

335 000

400 000

290 000

11

Қарағанды облысы

332 079

443 300

280 000

12

Жамбыл облысы

307 000

350 000

291 000

13

БҚО

301 250

380 000

320 000

14

Қостанай облысы

286 629

443 300

188 403

15

Қызылорда облысы

276 667

390 000

250 000

16

Шымкент және Түркістан облысы

274 933

700 000

150 000

Ақпарат: ашық көздерден және жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларынан алынған деректер.

Орындаған: Freedom Finance Life

Ұсынған: Гүлім Жақан

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір