• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 19:16:49
Алматы
+35°

25 Маусым, 2018 IT

Қазақстандықтар жеке мәліметтерін бұғаттай алатын болады

Айта кетерлік жәйт, аталмыш қызметті қолдану үшін мобильді азаматтар базасына тіркелу керек.

Қазақстандықтар үшін электронды үкімет порталындағы жеке мәліметтерді бұғаттайтын функция қолжетімді бола бастады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Жобаны  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірігіп жүзеге асырды.

«Рұқсатсыз аударымдар мен жеке мәліметтерді пайдалану тәуекелін азайту үшін азаматтарға жеке деректеріне толық қолжетімділік беретін жобаны іске асырдық. Басқаша айтқанда ХҚКО операторлары жеке мәліметтерді азаматтардың рұқсатымен ғана пайдалана алады»,-деп түсіндірді «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының басшысы Абылайхан Оспанов.

Жоба екі кезең бойынша жүзеге асады. Қазіргі таңда қолданушылардың жеке кабинеттерінде деректерді бұғаттау функциясы пайда болды. Кез-келген қолданушы өзінің мәліметтерін өшіріп қайта қоса алады. Мұнымен қоса қызмет алушылар ақпараттарды тек жеке кабинеті арқылы ғана бұғаттай алады.

Екінші кезеңде жылдың аяғына дейін жеке мәліметтерді бұғаттауды өшіретін SMS сервис іске қосылады. Яғни, жеке мәліметтерге қолжетімділік мүмкін болмаған жағдайда ХҚКО операторы азаматтың ЖСН нөмірі арқылы ары қарай қолдану туралы хат алады. SMS арқылы расталған соң ғана офис қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету үшін жеке мәліметтерге қол жеткізе алады.

Айта кетерлік жәйт, аталмыш қызметті қолдану үшін мобильді азаматтар базасына тіркелу керек. Тіркелуді электронды үкімет порталының жеке кабинетінде немесе кез-келген ХҚКО-да іске асыруға болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір