• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 16:43:22
+35°

23 Сәуір, 2018 NEWS

1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуге байланысты 28 сәуір (сенбі) жұмыс күні, ал 30 сәуір (дүйсенбі) демалыс күні болады.

Осылайша, 1 мамыр мерекесіне орай қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады. Яғни, 29-30 сәуір және 1 мамыр.

Сонымен қатар, 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні, ал 9 мамыр - Жеңіс күніне байланысты, сенбі 5 мамыр жұмыс күні, ал сейсенбі 8 мамыр демалыс күні болып ауысады. Осылайша, қазақстандықтар 5 мамыр жұмыс істеп, 6, 7, 8 және 9 мамыр төрт күн қатарынан демалады.

Жалпы мамырда қазақстандықтар 11 күн демалады.

Мамырдағы демалыс

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір