• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 08:38:28
Алматы
+35°

11 Наурыз, 2019 Спорт

Қазақстандық зілтемірші әлем рекордын жаңартты

Жұлқа көтеруде 127 келіні, серпе көтеруде 161 келіні еңсерген Тайсуев қоссайыс қорытындысы бойынша 288 келіні бағындырды.

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық зілтемірші Сайхан Тайсуев чемпион атанып қана қоймай, әлем рекордын жаңартты, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жұлқа көтеруде 127 келіні, серпе көтеруде 161 келіні еңсерген Тайсуев қоссайыс қорытындысы бойынша 288 келіні бағындырды. Бұл өз қатарластары арасында әлем чемпионы атану үшін жеткілікті көрсеткіш еді.

Одан бөлек, Сайхан Тайсуев серпе және жұлқа көтеруден кіші алтын жүлдені де өз еншісінде қалдырды. Қазақстандық зілтемірші серпе көтеруден жасөспірімдер арасындағы әлем рекордына да түзету енгізді.  Бұл Қазақстан спортшыларының әлемдік сындағы екінші алтын медалі. Кеше Ақмолда Сайрамкез 61 келіге дейінгі салмақта топ жарған. Қазақстан жасөспірімдер құрамасын белгілі ауыр атлет Бақыт Ахметов жаттықтырады.

 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір