• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:15:38
Алматы
+35°

22 Қаңтар, 2018 Кәсіпкер

Қазақстанда жасалған автокөліктерді кім сатып алады?

Жаңа маркалы автокөліктерге сұраныс 6,1 пайызға артқан. Қазақстандық автокөліктерді экспорттау сегіз есеге артқан

Қазақстан автобизнес қауымдастығы мәліметіне сүйенсек, елімізден экспортталатын 1480 техниканың бағасы – 5,8 млрд теңге. 2017 жылды қорытындылаған Қазақстан автобизнес қауымдастығының мәліметінше, Қазақстандағы автокөлік өндіретін алты зауыт 12 ай ішінде 19 086 техника жасап шығарған. Оның ішіне жүк таситын көлік, автобус және жеңіл автокөліктер кіреді. Жалпы құны – 139,5 млрд теңге. Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда үш есе көп. Ал Қазақстанға автокөлік өндірісінен түскен пайда17 пайызға артқан.

Төмендегі кестеде 2017 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығындағы импорттық және қазақстандық автокөліктердің ресми сатылым көрсеткіші көрсетілген.

статистика

Қазақстандықтар уақыт өткен сайын жергілікті өнімді сатып алуға бейімделіп келеді. 2017 жылы елімізде 17 416 жеңіл көлік, коммерциялық техникалар мен автобустар сатылған. Жалпы сату көлемі – 120,5 млрд теңге. Ал Қазақстанда жасалған автокөліктерге деген сұраныс жыл соңына дейін 33,5 пайызға өсті. 

статистика

Қазақстандағы автокөлік өндірісіндегі үздік компанияларды атап өтсек:

  1. Қостанайлық «СарыарқаАвтоПром» компаниясы жаңа маркалы автокөліктердің сатылымға шығарып, өндіріс көлемінің едәуір ұлғайтты. 2017 жылы аталмыш компания Hyundai автокөлігін локализациядан өткізумен қатар, Ravon және Chevrolet Niva автокөлігін өндіруді бастады. 2017 жылғы қорытынды бойынша, компания бағасы 71,3 млрд теңге болатын 5 912 транспорттық өнім өндірген.
  2. «Азия Авто» компаниясы 2017 жылы жалпы қаржы көлемі 42,7 млрд. теңге болатын 11 412 автокөлік өндірді.
  3. «Камаз-Инжиниринг» қазақстандық-ресейлік бірлескен кәсіпорны 13,6 млрд. теңгеге 820 жүк көлігін өндірген.

Ал төмендегі кестеден Қазақстаннан экспортқа жіберілген автокөліктердің үздік үштігін көре аламыз.

статистика

Қазақстандық автокөліктерді экспорттау сегіз есеге артқан. Бұл – коммерциялық автокөліктер мен жеңіл көліктердің өндірісін 36 пайыздан 53 пайызға дейін арттырудың нәтижесі. 2017 жылы Қазақстаннан алыс-жақын шетелдерге құны 5,8 млрд теңге болатын 1480 автокөлік жіберілді. Шетелге аттандырылған жүк көліктерінің көшін бастап тұрған өндіруші компания – Hyundai Trans Autо. Hyundai HD 78 және Hyundai HD 35 жүк көліктері Ресей, Беларусь, Қырғызстанға экспортталған. Сонымен қатар 1 205 Lada 4x4 автокөлігі Қытайға жөнелтілсе, 66 JAC S3 кроссовері Тәжікстан мен Ресейге экспортталған.

 статистика

Жаңа маркалы автокөліктерге сұраныс 6,1 пайызға артқан.

Отандық автокөліктердің сатылымы бойынша үздік бестікті атап өтейік:

2016, 2017 жылдары сатылым бойынша көшті бастап тұрған автокөлік – Toyota. Жыл ішінде 9 267 автокөлік сатылған.

Екінші орынға Lada автокөлігі жайғасты. Сатылым – 8 733 дана.

Ал үштікке Ravon автокөлігі енді. Сатылым саны – 4 621.

Төртінші орынға 3 624 көлік сатылған Hyundai орналасты.

Үздік бестікті 821 коммерциялық техникасымен ГАЗ 2 маркасы түйіндеп тұр.

2017 жылды қазақстандық автокөлік нарығында ресми түрде ұсынылған қырық бес бренд компаниялардың басым көпшілігі жақсы сатылым көрсеткішімен аяқтады. Арзан автокөліктерді сату көлемінің артуы аясында BMW маркалы 503 көлік сатылды, ал Lexus әлі алда келе жатыр – 1,164 дана өткізген. Mercedes-Benz маркасы 280 сатылыммен үшінші орынға тұрақтады.

Қазақстан автобизнес қауымдастығы директорлар кеңесінің мүшесі Анар Мақашеваның айтуынша, 2017 жыл кәсіпкерлер және өндірушілердің үмітін ақтаған.

– 2017 жылы ресми түрде сатылған жаңа автомобильдердің үлесі 75 пайыз, ал 2013-2014 жылдары 50 пайызға да жетпейтін. 2018 жылы да осы үрдіс жалғасады. Биыдл өсім деңгейі 15-20 пайызға артады деп болжап отырмыз. Бұл ең алдымен отандық автомобильдерге деген сұранысқа байланысты, ал биыл мемлекет 8 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несиелендіруге қосымша транш бөлетін болады, – деп атап өтті Анар Мақашева.

Aigerim Taubay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір