13 Маусым, 2018 IT
Қазақстанда eGov.kz арқылы бизнес ашу жеңіл, қолжетімді әрі жылдам болды
Кәсіпорынды тіркеген кезде бірден банк шотын аша аласыз.
2018 жылдан бастап www.egov.kz электронды үкімет порталында «Банктік шот ашуды және қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезінде жазатайым жағдайлардан міндетті сақтандыруды ескере отырып, заңды тұлғаны тіркеу» қызметі іске қосылды.
Бұрын кәсіпкер алдымен заңды тұлғаны тіркеп, кейін банктен жеке шот ашып, одан кейін ҚҚС бойынша есепке қою үшін салық органдарына, сондай-ақ сақтандыру компаниясына баратын. Бұрын мемлекеттік органдар, банктер мен сақтандыру компаниялары жеке ұсынатын қызметтің жаңартылған жалпы сипаты Қазақстанда бизнес ашуды жеңілдетеді.
Әзірге кәсіпорынды тіркеген кезде бірден «ForteBank», «Цеснабанк», «Халық банк» және «Альфа-Банк» АҚ-да банктік шот ашып, «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру бойынша компания» АҚ және «Азия Life» өмірді сақтандыру бойынша компания» АҚ- мен сақтандыру келісімшартын жасауға болады. Жақын болашақта тағы 9 банк пен 4 сақтандыру компаниясы қосылады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір