• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 13:50:15
Алматы
+35°

18 Маусым, 2018 NEWS

Қазақстан Қытайдан мұсылмандардың ұсталу себебін сұрап отыр — БАҚ

Мамырдың соңында ҚР СІМ Қытай билігіне этникалық қазақтардың Синьцзян провинциясындағы түрмеге неге қамалғанын сұрап ресми хат жолдаған.

Шетелдік БАҚ Қазақстан жайлы не жазады? 11-17 маусым аралығындағы әлемдік БАҚ-қа шолу.

TOL.ORG: «Қытайда мұсылмандардың неге қамалғанын сұрап, Қазақстан  Қытайға қысым жасап отыр» — Мамырдың соңында ҚР СІМ Қытай билігіне этникалық қазақтардың Синьцзян провинциясындағы түрмеге неге қамалғанын сұрап ресми хат жолдаған. Хабарланғандай, мыңдаған мұсылман Қытайда қайта тәрбиелеу орталықтарында қамауда болған. Басым көпшілігі – ұйғыр ұлтының өкілдері,  алайда Қазақстанның билігі өткен жылы жүздеген этникалық қазақтың ұсталғанын хабарлаған еді.

WORLDPIPELINES.COM: «Мұнай бойынша қытай-қазақ келісіміне Пекинде қол қойылды» — Ван Илин Пекинде Қытайға мемлекеттік сапармен келген әрі ШЫҰ саммитіне қатысқан ҚР президенті Назарбаевпен кездесті. Сонымен қатар Ван ҚР Энергетика министрі Боөымбаевпнкеліссөз жүргізді және «ҚазМұнайГаз» басшысы Мыңбаевпен кездесті.

NASDAQ.COM: «Қытайдың CITIC банкі қазақстандық жаңа бөлімшеге үлкен үміт артып отыр» — CITIC банктің басқарма басшысы Ли Цинпин 2021 жылға қарай Altyn Bank  - тің активтерін 4 млрд долларға өсіруді жоспарлап отрығанын айтты. Өткен айда Қытай банкі Altyn Bank-ге 50,1% сатып алуды 2016 жылы бастапқы келісімнен кейін «Халық Банкі» АҚ-дан сатып алуды аяқтады.

AZERNEWS.AZ: «Қытай инвесторлары қазақстандық кәсіпорындарға инвестиция салуға қызығып отыр» — Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қытайлық бизнесмендер инвестиция салуға мүдделі ірі жобалар мен кәсіпорындар туралы әңгімелеп берді.

EURASIANET.ORG: «Ресей Қазақстанға АҚШ-пен байланысын нығайтқаны үшін наразылығын білдірді» — Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының лауазымды тұлғаларының кездесуінде НАТО-ның Мәскеудегі әріптесі, Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров қазақстандық әріптесі Қайрат Әбдірахмановқа «ыңғайсыз сұрақтар» қойды.

BUSINESS-STANDARD.COM: «Үндістан мен Қазақстан әскери-өнеркәсіптік ынтымақтастықты нығайтады» — Қазақстанның Нью-Делидегі Елшілігі осы келісімге осы айдың басында Астанада өткен әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-үндістандық бірлескен үкіметаралық жұмыс тобының бесінші отырысында қол жеткізілгенін хабарлады.

AKIPRESS.COM: «Қазақстан азаматы оқ-дәріні Қырғызстанға әкелуге тырысты» —«Ақ-Тілек» шекара бекетінде Қазақстан азаматы оқ-дәріні контрабандалық жолмен өткізуге тырысты. Бұл жайында Қырғызстанның Мемлекеттік шекаралық қызметі хабарлады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір