• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 08:44:25
Алматы
+35°

05 Қазан, 2018 NEWS

Қазақ тілін үйретудің тың тәсілдері таныстырылды

Шара соңында семинар қатысушыларына ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің сертификаттары табысталды.

4 қазанда Қызылорда қаласындаҚазақстан Республикасы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл -Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Жаһандану жағдайындағы тіл үйретудің инновациялық әдіс-тәсілдері» республикалық семинарын өткізді.

Семинар жұмысына Тіл саясаты комитетінің сарапшысы Қонай Халым, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығыныңатқарушы директоры Ербол Тілешов, Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Маханов, «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы əдістемелік бөлімінің басшысы Сабира Сапина және Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарындағы мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлері қатысты.

Тіл әлемі

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Ербол Тілешов «Жаңа қазақ əліпбиі: ұлттық өркениет бағдары жəне жаһандық дамумен сабақтастық» тақырыбындағы баяндамасында тіл оқыту барысында басшылыққа алынатын жаһандық, заманауи ұстанымдар мен қағидалар туралы, әлемдік тіл үйрету үдерісінде дамыған, ал қазақ тілін оқытуда әлі күнге дейін теориялық та, практикалық та тұрғыдан жүйеленбей келе жатқан тілдің бастапқы лексикалық минимумын анықтау, оны тілді деңгейлеп оқыту барысында қолдану мәселесі турасындағы ойларымен бөлісті.

Қарағанды облысы Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Динара Қуанбаева қазақ тілі сабақтарында заманауи мультимедиялық технологияларды, Playposit, Socrstive, Thinglink онлайн бағдарламаларын  қолданудың әдіс-тәсілдерін практика жүзінде көрсетті.

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы əдістемелік бөлімінің басшысы СабираСапина «Латын графикасы негізіндегі қазақ тілінің жаңа емле ережелерін оқыту мәселелері» тақырыбы бойынша емле ережелерінің жобасын таныстырып, жазу жобасындағы өзгерістер енген жаңа ережелерді мысалдар арқылы түсіндірді. Тыңдаушылар ережелер жобасын үлкен қызығушылықпен қабылдап, кейбір мәселелер бойынша пікірлерін білдіріп, емледе сөйлеу тілінің заңдылықтары сақталғандығын, бұл өз ретінде тіл үйрету кезінде, әсіресе, шет тілдерден енген сөздердің жазылуын үйрету кезінде оңтайлы болатындығын атап көрсетті.

Ақтөбе облысы Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Алтынгүл Тəңірбергенова оқытудың жаңашыл, белсенді әдіс-тәсілдерін және қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту әдістемесі негізінде құрастырылған интерактивті«Lepbook» бағдарламасын таныстырды.

Шарада «Атамекен» ҚР ҰҚП Бизнес-коммуникацияны мемлекеттік тілде дамыту департаментінің сарапшы-лингвисі, филология ғылымдарының кандидаты Бекзат Динаева, Көкшетау қаласы Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Гүлнар Кажкенова сыни ойлау технологиясы арқылы жазылым дағдыларын меңгерту жолдары мен қазақ тілін оқытуда электрондық, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланудың тиімділігін көрсететін тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар барысында ұсынылған әдіс-тәсілдерге Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Гүлшат Қамзаева ғылыми-әдістемелік сараптама жасап, бағасын берді.

Шара соңында семинар қатысушыларына ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің сертификаттары табысталды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір