• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 19:59:28
Алматы
+35°

Құлын

Құлын

Егер сіз құлынды бірінші көрген болсаңыз сіз өршіл адамсыз. Қайда болсаңыз да өзіңізді еркін ұстай аласыз және де ешқашан ауыр жұмыстан немесе түрлі қауіпті төбелестерден қашқақтамайсыз. Сіз адал жансыз.

Тауық

Тауық

Суретте тауыққа бірінші болып көзіңіз түскен болса, сіздің ең басты ерекшелігіңіз – табандылық. Тауық кез келген стандартқа сай келеді және де ол шапшаң, ақылды, төзімді болып келеді. Сонымен қатар, олар – дене пішіні жағынан кішкентай болғанымен, өте қатігез жаратылыстардың бірі.

Шаян

Шаян

Сырттай қатал көрінгенімен, іштей жұмсақ жаратылыс иесі және осы суретті көрген болсаңыз сіздің мінезіңіз дәл шаяндікі секілді. Олар өте адал болады. Сіз де өзіңізге мән беріп қарайтын болсаңыз, үнемі адал болғаныңызды түсінесіз. Үнемі өз қажетіңізге қарағанда жақындарыңыздың талабын бірінші орынға қойып, өзіңізге сенім білдірген адамға ешқашан да қиянат жасамайсыз.

Дәуіт

Дәуіт

Дәуіт – сезім мен шыдамдықтың шебері. Ол бірнеше сағат бойы қозғалмастан өзінің құрбанын күтіп тұра береді. Егер сіз ең алдымен дәуіттің суретін көрген болсаңыз, сіздің ішкі түйсігіңіз өте мықты. Ол сіздің ешқашан да шатастырмайды. Сіз тек өзіңіз таңдаған жолмен жүріп, өз қалағаныңызға жететін адамсыз.

Қасқыр

Қасқыр

Қасқырлар тобырымен жүретіні белгілі, алайда олар жалғыздықта жортады және де өте қатігез, ешнәрседен қорықпайтын тіршілік иесі. Еге сіз ең алдымен қасқырды көрген болсаңыз, сізд де дәл қасқыр секілді қатігез, ешнәрседен қорықпайтын жансыз. Сіз бір топ адамның арасында жүрсеңіз де үнемі дараланып, оқшауланып тұрасыз.

Ит

Ит

Иттер адал, батыл әрі сенімді тіршілік иесі екендігі баршамызға мәлім. Бірақ мұндай қасиеттер көптеген адамдардың бойынан табыла бермейді. Егер сіз итті бірінші көрген болсаңыз, сіз адал әрі қатігез жансыз және де сүйіспеншілік пен жанқиярлық мінезді қатар ұстайтын, бір мезгілде ойнақтап қалған және қорғаныш бола алатын жансыз. Сіз – бірнеше мінездердің жиынтығы бойыңыздан табылатын мінезі ерекше жандардың бірісіз және де жақсы тани алған адам сізді қатты жақсы көріп кетеді.

Бүркіт

Бүркіт

Жабайы әрі бостандықты жақсы көретін, аспан әлемі үшін жаратылған тіршілік иесі. Бүркіт – ең жыртқыш құстардың бірі. Егер сіздің бірінші көргеніңіз бүркіт болса, онда сіз өз қалауыңызды жақсы білетін, мақсаты айқын және де соған қол жеткізу үшін бәрін жасайтын адамсыз. Өз шешіміңізден еш уақытта да бас тартпайсыз.

Көбелек

Көбелек

Көбелек – өзгеріс пен сұлулықтың керемет символы. Ол бастапқы қалпынан табиғаттың ең әсем туындыларының біріне айналады. Егер сіз көбелекті бірінші көрген болсаңыз, сіздің де мінезіңіз дәл көбелек секілді. Өте тез бейімделесіз, өз қалауыңызға қарай өзгере алатын, қажет деп тапқан нәрсенің барлығын жасай алатын жансыз.

cluber.com.ua

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір