• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 23:41:07
Алматы
+35°

09 Қазан, 2018 NEWS

Қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам

Республиканың оңтүстігінде атмосфералық фронттың өтуіне байланысты, өткінші жауын-шашынды ауа райы сақталады.

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РМК "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Республиканың оңтүстігінде атмосфералық фронттың өтуіне байланысты, өткінші жауын-шашынды ауа райы сақталады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман болады.    

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Алматы облысының жекелеген аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Манғыстау, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір