• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 19:07:15
Алматы
+35°

25 Сәуір, 2019

Қарағандыда ХХ ғасырда қуғын-cүргінге ұшыраған суретшілердің көрмесі ашылады

Бұл көрме қарағандылық алғашқы суретшілерге арналған. «Алғашқы» көрмесінің ашылуы 26 cәуірге жоспарланған.

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында «Алғашқы» атты ерекше көрме ашылмақ. Мұражай қызметкерлерінің айтуынша, көрмеге қуғын-сүргінге ұшырап, Қарағанды жеріне табан тіреп, осы жерде шығармашылықпен айналысқан суретшілердің туындылары қойылып, ел назарына ұсынылатын болады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі baq.kz сайтының дерегін негізге алып. 

26 cәуірден бастап Қарағанды тұрғындары мен қала қонақтары облыстық бейнелеу өнері мұражайынан тағдыр тауқыметімен қуғынға ұшырап, кейіннен шығармашылыққа бет бұрған қыл қалам шеберлерінің туындыларымен танысу мүмкіндігіне ие болмақ.

«Бұл көрме қарағандылық алғашқы суретшілерге арналған. «Алғашқы» көрмесінің ашылуы 26 cәуірге жоспарланған. Осы көрме аясында «Қуғын-сүргінге ұшыраған ғылым және мәдениет қайраткерлерінің шығармашылық мұрасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіледі», - дейді музей қызметкері Назерке Жартын.

Оның айтуынша, көрменің ашылу салтанатына және дөңгелек үстел отырысына Қазақстан журналистер одағының алғашқы лауреаты Е.Б. Кузнецова, қуғын-сүргінге ұшыраған суретшілердің шығармашылығы жайлы алғаш рет көрме ұйымдастырған, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Г.И. Лаврентьева, өнертанушы Н.И. Иванина, «Руханият» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, өнертанушы, «Болашақ» академиясы «Карлаг. Есте сақтаймыз» ғылыми-зерттеу орталығы, Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-зерттеу орталығының мүшесі А.У. Аупенова қатыспақ. Сондай-ақ, шараға Долинка қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу музейінің және Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің өкілдері де атсалысады.

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір