• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 08:51:46
Алматы
+35°

Әбдірахман Асылбековтен айырылғанымызға көп болған жоқ, бүгін тағы қайғылы хабар естіп отырмыз. Қазақ халқы тағы бір аяулы азаматынан айырылды. 1961 жылы ШҚО, Абай ауданындағы Сарыжал ауылында дүниеге келген талантты жазушы келместің кемесіне мініп кете барды. 1992 жылы Семейді педагогикалық институтын тәмамдаған жазушының алғашқы шығармалары 1980 жылдардан бастап республикалық баспасөз беттеріне көріне бастаған. Талғат Кеңесбаев 1988 жылғы республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты. 1990 жылы марқұмның алғашқы кітабы «Француз әтірінің иісі» жарық көрген болатын.  Qamshy.kz ақпарат агенттігі марқұмның отбасына, жақындарына, таланттысын ардақтаған барша қазақ жұртына қайғыра көңіл айтады. Талғат Кеңесбаев туралы әлеуметтік желіде жарияланып жатқан естелік әңгімелерді оқырман назарына ұсынуды жөн деп санады.

Дәурен Қуат:

 "Сенің әңгімелеріңді бекер оқыдым, енді өзім жаза алмай жүрмін", - деп бөстіре мақтап қоятыны бар еді. Кейінгі бір кітабының жарық көруіне септігім тисе керек, соны айтып және қоймайтын. Қырғыз қаламгері Айдарбек ағамен шығармашылық байланыстарына да дәнекер болғаным бар. Әлгі бір түкке тұрмайтын қызметімді өсіріп: "Князь мені Алатооның биігіне алып шықты", - деп отыратын. Әңгімеміз де жарасып, әзіліміз де жарасып жүруші едік. Күніне бір рет, кейде екі үш рет звондап қоятын. Сол звоноктарын әредік артық көріп, кейи жауап берген кездерім де болыпты-ау... Енді, міне, удай өкініштің уыты тамағыма тығылып тұр. Қайран Тәкең!.. Ол - өзіне де риясыз көңілмен талай айттым, талантты жазушы еді. Қаламынан шыққан әр туындысының магиясы болатын. Сенбесіңе сендіретін жазушы еді. Жазуға соншалықты адал болды, жазып өтті. Талғат Кеңесбаев! Осы есім сойдың өзі басқаға емес, қас талантқа, қаламгерге ғана біткен есім сой екенін білетінбіз. Бақұл бол, бағалым, бағыланым!".

 

 

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір