• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:16:13
Алматы
+35°

17 Мамыр, 2019 Әлеумет

Қабыл болған ата-ана тілегі: Тоқаевтың президент болуын сұраған

"Мен сол кезде осындай бақытты әрі жауапкершілігі мол тіршілік біздің Жомартқа да бұйырғай деп тілек тіледім.

Бүгін – Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні. 66 жасқа толған мемлекет басшысының өмірі, мансап жолы, отбасы туралы түрлі қызықты материалдар жарық көруде. Qamshy.kz ақпарат агенттігі де өз кезегінде президенттің отбасына қатысты қызықты фактіні жариялағысы келіп отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың ата-анасы туралы, әсіресе әкесі туралы дерек көп-ақ. Өйткені, оның әкесі Кемел Тоқаев – қазақ әдебиетіне детектив жанрын алып келген белгілі қаламгер. Екінші дүниежүзілік соғыстың бірнеше майдандарына қатысқан ол Алматыға оралып, мемлекеттік қызметтен шектелгеннен кейін ғана жазуға біржола бас қойған.

Кемел Тоқаевтың Қасым деген ағасы болған. Сол кісі майданның алғашқы жылдарында-ақ соғысқа аттанып, артынша қара қағаз келеді. Ағасының атын өшірмеуді өмірлік мүдде көрген көреген жазушы баласының атын да солай атауды ұйғарған.

"Өзімнің есімім үшін тағдыр көруге жазбаған көкеме қарыздармын. Ал жаны жомарт, пейілі кең азамат болсын деп армандаған анам мені Жомарт атапты", – деп түсіндіріп береді Тоқаев "Әке туралы толғаныс" атты кітабында.

Ал анасы Тұрар Шабарбаева отбасында жазушының жағдайын жасауға бар күшін салған. Соның арқасында Кемел Тоқаев қаламынан қазақ әдебиетінің дәуірлеуіне үлес қосқан ондаған шығарма жарық көрді.

Жә, тақырыпта айтқан бағытымызға ойысалық. Бір күні Алматы қаласынан Қасым-Жомарт Кемелұлының анасы Брежневтің шеруін көріп қалады.

"Мен сол кезде осындай бақытты әрі жауапкершілігі мол тіршілік біздің Жомартқа да бұйырғай деп тілек тіледім. Бұл тілегімді естіген Кемел "Алла қабыл етсін!" деп жауап берген", - дейді президенттің анасы өткен шаққа оралып.

Міне, Қасым-Жомарт Кемелұлы бүгінде Қазақстан Республикасының президенті қызметін атқаруда. Алда келе жатқан 9-маусымдағы кезектен тыс президенттік сайлауына кандидат ретінде тіркеліп, қазір үгіт-насихат  жұмыстарын жүргізуде.

Текті адамнан текті ұрпақ туады. Жазушының өр рухы мен ұлт, халық һәм ел үшін деген адал ниеті ұлының бойындағы қанмен қосыла жүріп тұрғаны сөзсіз.

Дайындаған: Әділет Мәдениет

Әділет Мәдениет

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір