• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:01:43
Алматы
+35°

20 Наурыз, 2019 Саясат

Путин: Мұрагерлік жағынан мәселе туындамайды деп үміттенеміз

Ресей президенті Назарбаевтың отставкасына қатысты пікір білдірді

Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа жемісті ынтымақтастық үшін алғысын білдіріп, сәттілік тіледі, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі  Sputnik Қазақстан сайтының дерегіне сүйеніп.

Ресей президенті Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілеттігін тоқтату туралы шешіміне қатысты ойын бүгін РФ үкіметінің кезекті отырысын ашу кезінде айтты.

"Мұрагерлік жағынан мәселе туындамайды деп үміттенеміз. Қалай дегенмен де, Назарбаев жоғары қызметін тастап кетіп барады, сондықтан оған өзара ынтымақтастық үшін алғыс айтып, сәттілік тілеуімізге әбден негіз бар", - деді Путин.

Бұл мәлімдемені жиналғандар мақұлдап, ду қол шапалақ соқты.

Бұдан бөлек, ол Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықты жоғары деңгейде қолдау үшін Ресей жағы барын салып, атсалысатынын атап өтті.

Айта кетсек, 19 наурызда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев халқына жасаған үндеуінде мемлекет басшысы ретінде өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатынын мәлімдеді.

Ұсынған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір