• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:04:55
Алматы
+35°

11 Желтоқсан, 2018 Аймақтар

Президент Ақтөбе облысындағы газ өңдеу кешенін іске қосты

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі қарсаңында Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы «Қожасай» кен орнында заманауи газ өңдеу кешені пайдалануға берілді

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі қарсаңында Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы «Қожасай» кен орнында заманауи газ өңдеу кешені пайдалануға берілді. Индустриаландыру күніне арналған дәстүрлі телекөпір кезінде мемлекет басшысы тікелей эфир арқылы ірі зауыттың жұмысын бастауына рұқсат берді.

* Бұл өңір тұрғындары үшін өте қуанышты жаңалық. Қазақстан мұнай мен газ өндіретін елдердің бірі болып табылады, сондықтан тұрғындарды газбен қамтамасыз ету – біздер үшін маңызды міндет. Қазір біз «Сарыарқа» газ құбырын салайын деп жатырмыз және осының бәрі халықтың әл-ауқатын көтеру үшін жасалуда. Мен сіздерді қуанышты жаңалықпен, өндірістің іске қосылуымен құттықтаймын. Сәт сапар! – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

«Gas Processing Company» ЖШС кәсіпорны салған ілеспе мұнай газын кәдеге жарататын заманауи зауыттың жаңа қондырғысы жылына 226 текше метр тауарлы газ, 37 тонна пропан-бутан қоспасын, 5,4 мың тонна газ конденсатын, 10,5 мың тонна түйіршіктелген күкірт шығаруға мүмкіндік береді.

* Бүгін елдегі газ саласының ірі индустриалды жобаларының бірі пайдалануға берілді. Зауыт заманауи талаптарға сай ең жаңа технологиялармен жабдықталған. Оның елдегі ресурстық базаны толтырудағы маңызы зор. «ҚазТрансГаз» АҚ ұлттық операторы газды ішкі және сыртқы нарыққа тасымалдау үшін барлық қажетті инфрақұрылымды салған,-деді «Gas Processing Company» ЖШС жобасының басшысы Болат Сақтағанов журналистерге.

Газды кешенді дайындау қондырғысы шикізат базасын ұтымды пайдалануға, ілеспе мұнай газын қайта өңдеуді арттыруға және зиянды заттардың атмосфераға шығуын едәуір азайтуға мүмкіндік береді.

* Жаңа кәсіпорынның өңір экономикасын жақсартуда мәні зор. Бұл Қазақстанда жеке инвестиция есебіне салынған жалғыз газ өңдеу зауыты. Оның құрылысы кезінде 1500 жұмыс орны құрылды, соның 250-ден астамы - тұрақты. Айта кету керек, бұл экспортқа бағдарланған кәсіпорын – өнімнің 70 пайызы сыртқы нарыққа жеткізілетін болады,- деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Жаңа кәсіпорын жеті жылдың ішінде өңірлік және республикалық бюджетті 10 млрд теңгеден астам салық түсімдерімен толтырады деп жоспарланып отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір