• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 05:26:54
Алматы
+35°

18 Наурыз, 2019 Дін

Полиция басшысы Жаңа Зеландиядағы терактіден кейін Ислам дінін қабылдады (видео)

Сондай-ақ ол Жаңа Зеландиядағы мешіттерде қауіпсіздік қызметін күшейтетінін мәлімдеді.

Жаңа Зеландиядағы полицейлердің басшысы 2 мешітте болған терактіден кейін Ислам дінін қабылдады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Сондай-ақ ол Жаңа Зеландиядағы мешіттерде қауіпсіздік қызметін күшейтетінін мәлімдеді. 

"Алланың сіздерге сәлемі болсын! Барлығыңыз мені тыңдаңыздар. Аллаға шүкір! Аллаға шүкір! Аллаға шүкір! Уа, Алла тағалам, хазреті Ибраһимге (ғ.с.) және оның отбасына салауат еткеніңдей (мейірімің мен разылы-ғыңа бөлегеніңдей) хазреті Мұхаммедке (с.ғ.с.) және оның отбасына салауат еткейсің. Шын мәнінде, Сен бар мақтау мен мадаққа лайықсың әрі ең Ұлысың! Теракт кезінде қайтыс болғандар менің бауырларым. Елдегі барлық мешіттегі қауіпсіздік қызметі күшейтілетін болады", - деп еріксіз көзіне жас алды полиция басшысы. 

Еске сала кетсек, жұма күні таңертең Жаңа Зеландия халқы ғана емес күллі мұсылман қауым қара жамылды. Жаңа Зеландиядағы 2 мешітке шабуыл жасалды. Крайсчерч қаласындағы  Әл-Нұр мешітінде 49 адам көз жұмды. Брентон Таррант өзінің бұл әрекетін теракті деп бағалады. Сондай-ақ ол болған оқиғаны видеоға түсірген.

Аударған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір