• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:49:32
+35°

06 Наурыз, 2019 Спорт

Алла елшісі (с.ғ.с) спорттың бірқатар түрімен өзі де шұғылданып, өзгелерді де соған баулыған деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі muslimwoman.kz сайтына сілтеме қалдыра отырып.

Жүгіру жарысы. Хадистерде пайғамбарымыз осы спорт түріне сахабалар ынталандырғаны айтылады. Осыған орай сахабалар да жүгіріп жарысқан. Сондай-ақ, пайғамбар да бірде хазіреті Айшамен жүгіріп жарысады. Ендеше, бұл спорт түрін сүннет деп, осы тұрғыда халықты, жастарда жүгіру жарысына баулуға болады(Әбу Дәуіт, Жиһат, 68).

Күрес. Хазіретті Пайғамбар (с.ғ.с)  балуандығымен танылған Руқанә деген бір адаммен күресіп, оны жеңгендігі кейбір деректерде жеткізілген(Ибн Хишам, Сияр, 1/390-391). Тағы бір хадисте "мықты мұсылман әлсіз мұсылманнан қайырлы" деген бар. Сондықтан Алла елшісі күресті ұнатты деуге болады.

Садақ ату. Садақ ату, мылтық ату жарысына келер болсақ, Алла елшісі: "Оларға қарсы қолдарыңнан келгенше күш әзірлеңдер" ("Әнфәл" сүресі, 8/60) деген аятты - оқ ату деп түсіндірген. Сонымен қатар, Алла елшісінің (с.ғ.с) садақ атуға ынталандырған көптеген хадистері бар (Бұхари, Жиһад, 78; Мүслім). Алайда Пайғамбарымыз (с.ғ.с) оқ ату жарысында тірі жануарды көздеуге тыйым салған (Бұхари, Зәбәих, 25).

Ат жарыс. Ол - Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) әрқашан ынталандырып, жарыстан жеңгендерге сый-сыяпат беріп, көбінесе өзі де қатысқан спорт түрінің бірі (Нәсәи, Хайл, 16; Тирмизи, Жиһад, 22). Сондай-ақ, жүзу түріне де қызыққан.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) осы спорт түрлерінде адамға да, жануарға да қиыншылық көрсетуге тыйым салған.

Ұсынған: Ақерке Дүйсенбай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір