• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 12:28:31
Алматы
+35°

28 Қазан, 2017

Өзіммен-өзім сөйлестім

–Сенімен тілдескім келмеді. –Неге? –...

Адам:

         – Адам баласына тіл қатуға зауқым жоқ.

«Ішкі мен»:

         – Жалғызсың.

         – Қашаннан бері?

         – Әлімсақтан солай болатын.

         – Саған сенейін бе?

         – Басқа амалың бар ма?

         – Жоқ...сен кімсің?

         – «ішкі меніңмін».

         – Сонда өзімсің бе?

         – Жалғыздығыңмын десем де болады.

         – Сезінбеппін...

         – Нені?

         – Сені.

         – Еркің жібермеді.

         – «жалғыз» деген сөзді өзіме телігім келмеді...

         – Сенің қалауыңды кім сұрады?

         – Ешкім...

         – Адам боп жаралдың, демек жалғызсың!

         – Бала-шағам ше?

         – Жалғыздық екі адамға ортақ емес.

         – Мүмкін емес...

         – Мүмкін емес, бірақ ақиқат.

         – Даусыңды неге қазір ғана естіп тұрмын?

         – Сенімен тілдескім келмеді.

         – Неге?

         – Жалған өміріңде мені іздеуге уақытың болмады.

         – Қу тіршілік...

         – Бос сылтау.

         – Иә...

         – Мойындағаның ләзім.

         – Сенімен мен ғана кешігіп кездесіп отырмын ба?

         – Сенің қатарың көп. Бірақ...

         – Бірақ, не?

         – Мен туралы көп ойлайтындар да бар.

         – Қызық...кімдер болды екен?

         – Жазушылар.

         – Қиялилар ғана десейші...

         – Сеніңше солай, меніңше сендермен салыстырғанда сау адамдар.

         – Ааа...

         – Қаш!

         – Қайда?

         – Жалғыздығыңа.

Маржан ӘБІШ

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір