• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 19:49:18
Алматы
+35°

22 Қараша, 2017 Оқиғалар

Өзбекстанда оқушы қыздардың пәктігін жаппай тексеріп жатыр

Жаппай тексеру Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің Самарқанда сөйлеген сөздерінен кейін басталған

Самарқан облысында колледж және мектептің жоғары сыныбында оқитын оқушы қыздардың бәрін гинекологқа тексеруге жіберіп жатыр деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі centralasian.org сайтына  сілтеме жасай отырып. Дереккөздің мәліметінше, ондағы мақсат - төсек қатынасын ерте бастаған жасөспірімдерді анықтау.

Самарқан облысы әкімшілігіндегі дереккөздің хабарлауынша, оқушы қыздарды тексеру арқылы ерте жүктілікті анықтамақ және өздеріне қол жұмсау оқиғасының алдын алмақ. Жыныстық қатынасты ерте бастаған оқушылармен психологтар жұмыс істейтін болады дейді.

Алайда оқушылар өздерін мәжбүрлі түрде дәрігерге қаратуына қарсы. Бірақ тексеруден кейін колледжде оқитын бір жасөспірімнің жүкті екені анықталған.

Жаппай тексеру Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің Самарқанда сөйлеген сөздерінен кейін басталған.

9 қарашада мемлекет басшысы Самарқан облысы халық депутаттарының кеңесінде әйелдер арасында өзіне қол жұмсау дәйегі көбейіп бара жатқанына алаңдаған. Мирзияев соңғы уақытта бір Самарқан облысында 145 қыз-келіншектің өзіне қол жұмсағанын айтқан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір