• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 23:39:18
Алматы
+35°

21 Қыркүйек, 2018 Денсаулық

Өз тәніңді емде: Қай жерің ауырса, жаның сол жерде

Жөтел  Көмекке шақыру. Ішкі өксік. Мен өзіме жағымды болатындай етіп өзімді жұбатамын және сүйемін.

Психологияға қызығатын жандар Луиза Хей деген есімді жақсы таниды. Мотивацияны май шаммен іздеп жүргендер де түбінде Луиза Хейдің жазғандарын шолып өтеді. Тән азабынан бұрын жан азабын тартып жүргеніміз көп болғандықтан Луиза Хейдің кітаптарын жай ғана көзбен шалып өтпей, көңілге тоқып, санаға түйіп, он рет қайталап оқу қажет сияқты. «Қамшы» жақсылықтың жаршысы болғысы келеді. Сондықтан да жазушы Мырзагелді Кемелдің аудармасындағы Луиза Хейдің «Көгілдір кітабын» бірнеше бөлімге бөле отырып, тұрақты түрде оқырманның назарына ұсынып отыруды жөн деп шешті. Бірінші, екінші, үшінші бөлімдер  сайт бетінен шығып үлгерген болатын. Ендігі кезек төртінші бөлімде. Аталмыш бөлім тәніміздегі аурулардың пайда болу себебіне арналған. Қатерлі ісікті небәрі 6 айда жеңіп, барша дәрігерлерін таң қалдырған, 2017 жылы 91 жасында ауырмай-сырқамай көз жұмсаған Луизаның оқиғасы жігерін жасытып алған жастарға үлгі болсын дейміз.

ІІ тарау. Өз тәніңді емде

(тән ауруының психологиялық себептері және оны жеңудің метафизикалық жолдары)

Нақ осы сәттегі күш алу нүктесі

Күш алу нүктесі біздің санамызда – осы жерде және қазір қатысып тұр. Және, ол, біздің ойларымыздың теріс болғанына, бізге кесел келгеніне, төңірегіміздегілермен қатынасымыз бұзылғанына, ақшаның таусылғанына, өзіңді-өзің жек көре бастағаныңа байланыссыз, өзгерістерді бастау ешқашан кем емес. Бұл уақытқа дейін біздің өміріміз бен тәжірибеміз біздің басымызда тұрған ойлар арқылы құрылған, біз ол ойларды ұдайы пайдаланып жүргенбіз. Сөйткенмен бұл ойлар өткеннің еншісінде, бұл мәреден біз өтіп кеттік. Біздің бүгінгі, нақ осы сәттегі ойларымыз бен сөздерімізден біздің ертеңіміз, арғы күніміз, одан арғы күніміз, келесі апта, ай, жыл, т.т. байланысты. Салмақ нүктесі қашанда осы сәтте тұр. Қазір, міне, осы сәтте біз өз өмірімізді өзгертуді бастадық. Қандай жеңілдететін ой! Біз өзіміздің бұрынғы санасыздығымыздан арылуды бастай аламыз. Тап қазір. Тіптен кішкене ғана бастапқы қадам шешуші болып кетуі мүмкін.

Бала күніңізде сіз таза көңіл мен махаббаттың өзі болдыңыз. Сіз өзіңіздің маңыздылығыңызды сезініп, өзіңізді Кеңістіктің ортасы деп сезіндіңіз. Сізде ержүректік мол болатын, сіз өзіңізге не керек болса, соны талап ете алдыңыз және сіз өз сезіміңізді ашық білдіре алдыңыз. Сіз өз тәніңізді сүйдіңіз, оның әрбір мүшесін сүйе білдіңіз. Сіз өзіңізді әбден жетілген деп санадыңыз. Өмір шындығы да нақ солай болатын.

Сіз мына сөздерді көп айтасыз ба: “Міне, мен қандай адаммын” немесе “Бұл солай, оған ештеңе жасай алмайсың”. Шын мәнінде біз “өзімізге шындық секілді болып көрінген” нәрсені айтамыз. Әдетте біздің сеніміміз – ол өзге адамдардың біз қабылдаған және біздің өз көзқарасымыз жүйесіне кіргізіп қойған пікірі. Егер бізді балалық шағымызда: бұл өмір – тұнып тұрған қиындық деп үйретті десек, онда біз осы пікірмен сәйкес келген ойға ұдайы сенеміз де, оны өзіміз үшін ақиқат деп қабылдаймыз. “Бейтаныс адамдарға сенбе”, “түнде үйден шықпа”, “адамдар сені алдап кетеді”, т.с.с. сөздер Сізге зиян. Одан да бізді жас кезімізден: “барлық жерде – махаббат”, “адамдар қандай мейірімді”, “маған ақшаның келуі оп-оңай” деген сенім болған болса, ол біздің өмірімізді нұрландырар еді. Біз өз сеніміміздің ақиқат екендігіне өте сирек күдіктенеміз. Мысалы, мен өзімнен: “Маған оқу қиын екеніне неге сенемін? Бұл шын мәнінде солай ма? Бұл осы қазір маған қатысты дұрыс па? Менде бұл сенім қайдан пайда болды? Бұл сөзге мен озат ұстаз солай деген соң сеніп жүрмін бе? Осыған сенуді тоқтатқан дұрыс емес пе еді?, - деп сұрай алар едім.

Нақ осы сәтте сіздің басыңызға келе қалған ойды тоқтатыңызшы. Сіз не туралы ойладыңыз? Егер барлығы ой ойлауға байланысты болса, сіз бұл ойдың орындалуын қалар ма едіңіз? Ал егер онда қобалжу мен ашу, ауырсыну мен өш алу болса, онда ол ой сізге қай күйінде қайта оралар еді, қалай ойлайсыз? Егер біз шат өмір кешкіміз келсе, онда біздің ойларымыз да жарқын болуы керек. Бізден ой және сөз түрінде не шықса, ол сол күйінде бізге қайтып оралады.

Өз сөзіңізге құлақ салып көріңіз. Егер бір ой сізге үшінші рет қайта оралса, оны жазып қойыңыз. Бұлай болуы, сіздің ойыңыз сіз үшін үлгі болып қалғанын көрсетеді. Апта соңында жазып қойған ойларыңыздың тізбегін қарап шықсаңыз, сөздеріңіз сіздің өміріңіздегі оқиғаларға қай дәрежеде сәйкес келетінін көресіз. Өз ойларыңыз бен сөздеріңізді өзгертуге дайын болыңызшы, сонда сіздің өміріңіз қаншалықты өзгеретінін бақылай аласыз. Сөздер мен ойларды таңдауды бақылау арқылы өз өміріңізді бақылау мүмкін. Өйткені, сіздің ақылыңызды сізден басқа ешкім пайдалана алмайды.

Психологиялық алмасу: өмір образын қалыптастыратын ой образы

Біздің өміріміздегі барлық жақсы нәрселер де, барлық жаман нәрселер де – бұл біздің ойлану образымыздың салдары, ол біздің өмірімізде не болып жатса, соған әсер етеді. Өміріміздегі барлық жақсы және озық нәрселер бізде көптеген стереотип ойлар көп болғандықтан. Бұл бізді қуантады. Ал теріс ойлау стереотипі қолайсыз, зиянды нәрселерге алып келеді және ол бізді ойлантады. Біздің мақсатымыз – өмірді өзгерту, барлық кеселді және қолайсыз нәрседен арылу, сөйтіп деніміздің құлан-таза болуы.

Біз қайсыбір теріс ойлау стереотипі арқылы бізге жан-жақты әсер ету тап келетініне көзіміз жетті, сол арқылы солай әсер ету сақталады. Біздің тұрақты стереотипіміз – нақты жағдайды жасайды. Бұдан шығатын қорытынды: стереотипті өзгерту арқылы біз нақты жағдайды өзгерте аламыз.

“Метафизикалық себептілік” деген терминмен алғаш рет ұшырасқанымда қандай қуандым. Ол біздің нақты жағдайымызды туғызатын сөздер мен ойлардың күшін анықтайды. Мен үшін жаңа осынау білім ойлау мінезі, дене мүшелері және тән саулығы мәселелерінің арақатынасын түсінуге алып келді. Мен олай болуын қаламай-ақ, өзіме осы ауруды шақырғанымды және бұл жаңалық менің бүкіл өмірімді өзгерткенін түсіндім. Бұдан соң менің өзімнің тәни және рухани қиындық көруімде өмірдің өзін немесе өзге адамдарды айыптау жойылды. Енді мен өз денсаулығым үшін барлық жауапкершілікті өзім ала алатын болдым. Өзімді ештеңеде айыпты демей-ақ, мен болашаққа және тән денсаулығын бұзуға апаратын ойлардан қалай қашып құтылу керектігін ойлай бастадым.

Мысалы, мен желке тұсымдағы бұлшық еттердің қатып қалуынан қаншама рет қиналғанымды ешуақытта түсінбеппін. Сөйтсем, мойын мәселеге қараудағы жұмсақтықты, мәселенің шешілуіне жан-жақты қарау қажеттігін көрсетеді екен. Ал, мен, қашан болса да жұмсақ бола алмаппын, даулы мәселеге менің оппонентімнің көзімен қарауға қорқады екем. Өзімде жұмсақ ойлауды дамыта жүріп, мен өзгенің пікіріне үлкен махаббатпен және түсіністікпен қарауды үйрендім, сонда менің мойнымның ауырғаны қойып кеткенін байқадым. Қазір, мен, мойным кішкене қатая бастаса, менің ойларым қатуланып және қайтпайтындай болып кетпеді ме екен, тексере бастаймын.

Ойлау стереотипінің ескілерін ауыстыру

Бір жерің ауырса, одан үзілді-кесілді жазылу үшін біз оның психологиялық себептерінен құтылуымыз керек. Бірақ себеп неде екенін білмегендіктен, неден бастау керектігін де анықтау қиын. Егер сіз: “Осы аурудың себебін білсем, шіркін!” деп айта алсаңыз, онда осы кітап сізге себепті табуға және тән мен жан саулығын жақсартатын жаңа ойлау стереотипін жасауға кілт бола алар еді.

Біздің әрбір кеселімізде өзімізде қажеттілік бар екенін мен түсіндім. Олай болмағанда кесел де болмаған болар еді. Кесел белгілері – ол тек кеселдің көзге көрініп тұрған жағы ғана. Бізге тереңірек үңіліп, оның психологиялық себебін жою керек. Сондықтан да жігер мен тәртіп бұл жерде әлсіз-әлді кеселдің тек сыртқы көріністерімен ғана күреседі. Ол – арамшөпті жұлғанда тамырын қалдырып қойғанмен бірдей. Сондықтан жаңа ойлау аффирмацияларымен жұмысты бастар алдында, темекі тарту, бас ауруы, артық салмақ секілді нәрселерден құтылу ниетін орнықтыру керек. Егер ішкі қажеттілік болмаса, сыртқы қалау да құриды. Тамырсыз өсімдік солады.

Тәндегі кеселдердің көбісін шақыратын психологиялық себептер – ұрыншақтық, ашу, өкпе және айыпты сезіну. Егер, мәселен, адам сынаумен ұзақ айналысса, онда артрит кеселі пайда болады. Ашу шақыра беру ағзаның ысып-суый беруіне алып келеді, ол - зиянды. Ұзаққа созылған өкпе тәнді іштен жейді де қатерлі ісік пайда болады. Өз айыбын сезіну тереңдей берсе кеселге ұшыратады. Ден сау кезде теріс ойлау стереотиптерін басыңнан шығару анағұрлым оңай, ал кесел келгенде адамда қобалжу ұлғаяды да, ондай ойларды қуу қиындайды.

Мына төмендегідей психологиялық эквиваленттер тізімі менің емделушілермен болған жұмыс нәтижесінде пайда болды. Өз тәніңді емдеуге жәрдем берерлік қарапайым тәсіл ретінде бұл тізімді мен сіздерге махаббатпен ұсынамын:

Проблема:

Мүмкін болған себебі:

Жаңа тәсіл:

Алкоголизм

Дәрменсіздік, айыпты сезіну, өз тұлғасын қабылдай алмау

Мен бүгінгі күнмен өмір сүремін. Оның әрбір сәті жаңалық әкеледі. Мен өзімнің құндылығым неде екенін білгім келеді. Мен өзімді сүйемін және өз әрекеттерімді мақұлдаймын.

Аллергия

Біреуге төзе алмау. Өз күшін теріске шығару

Өмір қауіпті емес, ол – дос. Маған ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Менде өмірмен келіспеушілік жоқ.

Ангина

Дөрекі сөздерге бармау. Өзін көрсете алмау сезімі

Барлық шектеулерді алып тастаймын және өзіммен-өзім болу еркіндігіне ие боламын.

Анемия

Өзін кем санау. Қуана білмеу. Өмір алдындағы қорқыныш.

Менің өмірімнің барлық саласындағы қуаныш сезімі маған пайдалы. Мен өмірді сүйемін.

Апатия

Сезімдерге қарсы тұру, оларды тежеу. Қорқыныш.

Сезіну – қауіпсіз. Өмір сынақтарынан өткім келеді.

Артрит

Мені сүймейді деген сезім. Сын, өкпе.

Мен махаббаттың өзімін. Енді мен өзімді сүйетін боламын және өзімнің істерімді мақұлдаймын. Мен өзге адамдарға махаббатпен қараймын.

Астма

Өз игілігі үшін тыныс ала білмеу. Еңсенің түсуі. Еңіреп жіберуді ұстап қалу.

Енді маған өз өмірімді өз қолыма алуыма болады. Мен бостандықты қалаймын.

Атеросклероз

Қарсылық. Ширығу. Тұтас топастық. Жақсыны көруден бас тарту.

Мен өмірге және қуанышқа ашықпын. Мен бұдан былай барлығына махаббатпен

қараймын.

Белсіздік

Қорқыныш пен өмір процесіне қарсылық немесе ұрпақ жалғастыруға қажетсіздік

Мен өмір жалғасатынына сенемін. Қажетті істі, қажетті кезінде жасап, қажетті жерден табыла аламын. Мен өзімді сүйемін және мақұлдаймын.

Ұйқысыздық

Қорқыныш. Өмір процесіне сенбеу. Айыптылық сезімі.

Бұл күнді махаббатпен қоя беремін де тыныш ұйқыға көшемін. Ертеңгі күн өзі үшін өзі уайымдасын.

Жыныс кеселдері

Мен өзімнің сексуальдылығымды және оның көріністерін рахаттана қабылдаймын. Мен өзімді қолдайтын және көңіл-күйімді жақсартатын ойларды ғана қабылдаймын.

 

Сексуальдық негіздегі айыптылық сезімі. Жаза алғысы келу. Жыныс мүшелерінің таза емес және күнәһар екеніне сенімділік.

 

Гангрена

Психиканың сезімталдығы. Қуаныштың жайсыз ойларға алмасуы.

Бұдан былайғы менің ойларымның бәрі – үйлесімді, және қуаныш маған қарай еркін ағылуда.

 

 

Гепатит

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорқыныш, ашу, жек көру. Бауыр – ашу мен шектен шыға ренжудің ұясы.

Менің санам таза және еркін. Мен өткенді ұмытамын және жаңаға бет аламын. Барлығы жақсыға болады.

 

 

 

Мигрень

Зорлағанға деген жек көрушілік. Өмір ағысына қарсылық. Сексуалдық қорқыныштар.

Мен жайбарақаттанамын және өмір ағысын бақылаймын. Ал өмір менің жеңіл және тиімді жағдайымды қамтамасыз етсін.

Тұмау

Қоршаған ортаның нашар қабағына, теріс ниеттерге әсері. Қорқыныш.

 

Мен жалпылай сенімдер мен ережелерден биікпін. Мен сыртқы әсерден еркін бола алатыныма сенімдімін.

Депрессия

Өз пікіріңіз бойынша, өзіңіз сезінуге құқығыңыз жоқ ашу. Үмітсіздік.

Мен өзге адамдарда бар қорқыныш пен шектеулілік шеңберінен шығамын. Мен өз өмірімді құрамын.

Балалар кеселдері

Болжаулар мен ойдан шығарылған ережелерге сену. Ересектер өздерін бала сияқты көреді.

Бұл балада Құдайлық қорғаныш бар, оны махаббат қоршап тұр. Біз оның психикасына өзге әсерлер жасалмауын талап етеміз.

Диабет

Орындалмай қалған іске өкініш. Бақылауда болуға ерекше құлшыныс. Терең уайым. Ешқандай жағымды нәрсе қалған жоқ.

Осы сәт қуанышқа толы. Мен бүгінгі өмірімнің тәттілігін сезіне бастадым.

Сары ауру

Ішкі және сыртқы күні бұрын пішілген ой. Біржақты қорытындылар.

Мен өзімді қоса алғанда барлық адамдарға төзіммен, жаным аши және махаббатпен қараймын.

Өттегі тас

Ащы дәм. Ауыр ойлар. Қарғыс. Өркөкіректік.

Өткеннен қуанышпен бас тартуға болады. Өмір ғажап, мен де.

Әйелдер кеселдері

 

 

Өзіңді қабылдай алмау. Әйелдік мінездерден бас тарту. Әйелдік мінез принциптерінен бас тарту.

Мен әйел екеніме қуанамын. Мен әйел болуды жақсы көремін. Мен өз денемді жақсы көремін.

 

Тұтығу

 

 

 

Сенім селкеулігі. Өзін көрсете аларлық мүмкіндіктің болмауы. Жылауға тиым салатындар бар.

Мен өзімді-өзім еркін қорғай аламын. Мен бұдан былай өзім не қалайтынымды сездіре аламын. Менде тек махаббат сезімі ғана бар.

 

Қышыма

Мінезге қарсы жүруді қалау. Қанағаттанбаушылық. Өкіну. Ситуациядан шығуға ұмтылу.

 

 

Мен қайда болсам да маған тыныш. Мен өзімнің қалағанымның бәрі болатынын білгендіктен, өзімдегі бар жақсылықты қабылдаймын.

 

Қыжыл

Қорқыныш. Қорқыныш. Қорқыныш. Қорқыныштың қысымы.

 

 

Мен кеудемді кере дем аламын. Мен – қауіпсіздіктемін. Мен өмір процесіне сенемін.

 

Белсіздік

Сексуалдық қысым, қолайсыз сезіну, айып сезімі. Әріптеске ызалану.

 

 

Бұдан былай мен өзімнің толық сексуалдық қанағаттану принциптеріме жеңіл және қуанышпен ерік беремін.

 

Инфекция

Тітіркену, ашу шақыру, қапалық.

 

 

Мен бұдан былай бейбітшіл және жан-жақты жетілген тұлға бола бастаймын.

 

Омыртқаның майысуы

Психиканың әлсіреуі мен тынышсыздық. Сіңірлер қимылы шабан. Сананың шабандауы.

 

 

 

Мен өмірді кеудемді кере қабылдаймын. Мен жайланамын және өмір ағысы мен процесіне еремін.

 

Ларингит

Ашу айтуға жібермейді. Қорқыныш 

 

 

Мен нені сұрағым келсе сұрауға ешкім кедергі болмайды. Мен айтатыным ды айтуға толық еркіндік-темін. Менің жаным тыныш. 

 

Лейкемия

Шабыт басып тасталады.

 

 

 

«Бұл кімге керек»? Мен бұрынғы шектеуліліктен шығып, бүгінгі күннің еркіндігін қабылдадым. Өзіммен-өзім болу қауіпсіз.

 

Жатыр

Шығармашылық храмының символы.

 

Денемнің ішінде өзімді еркін сезінемін.

 

Менингит

 

Ойдың қабынуы және өмірге ыза.

Мен тағылған айыптардың бәрін ұмытамын және тыныштық пен өмірдің қызығын қабылдаймын. 

 

Жөтел

 

Көмекке шақыру. Ішкі өксік.

Мен өзіме жағымды болатындай етіп өзімді жұбатамын және сүйемін. 

 

Невралгия

 

 

Күнә үшін жаза алу. Сұхбаттау қиналысы.

Мен өзімді кешіремін. Мен өзімді сүйемін және мақұлдаймын. Сұхбаттасу қуаныш әкеледі.

 

Жүйке

 

Байланыс символы. Сезіну органы.

Мен жеңіл және қуана-қуана араласамын. 

 

Остеомиелит

 

 

Өмірге ызалану мен өкіну. Сені ешкім қолдамайтын секілді сезім.

Мен өмірге қарсы келмеймін және оған сенемін. Қауіп те, уайым да жоқ.  Кіммен я немен қоштасқыңыз келмейді? Мен өткеніммен жеңіл қоштасамын. Және бұл мен үшін қауіпсіз. Енді менде толық еркіндік.

 

Кекіру

 

 

Қорқыныш. Өмірге өте тойымсыздықпен қарау.

Жасалуы тиіс істің әрбірінің өз орны мен уақыты бар. Менің жаным тыныштықта. 

 

Панкреатит

 

 

Қабылдай алмау. Ашу мен адасу: өмір өзінің тартымдылығын жоғалтқан сияқты.

Мен өзімді сүйемін және мақұлдаймын. Мен өз өмірімнің қуанышын өзім жасаймын.

 

Паралич

 

 

Қорқыныш. Үрей. Адамнан немесе ситуациядан қашу. Қарсылық.

Мен – өмірдің бөлінбес бөлшегімін. Мен өмірдің әртүрлі жағдайында өзімді қалыпты ұстай аламын.

 

Бауыр

 

 

Ашу мен қарапайым сезімдердің жиынтығы.

Менің білетіндерім – махаббат, бейбітшілік пен қуаныш. 

 

Өкпе қабынуы

 

 

Ширығу. Өмірден шаршау. Сезімге түскен, жазылуына жол берілмей жатқан жаралар.

Мен тыныс пен өмір санасына толы Құдай сөздерін еркін қабылдаймын. Бұл – жаңа бастау.

 

Психоз

Үйден қашу. Өзімен-өзі болу. Өмірден қашуға тырысу. Бұл Құдайлық көріністің бастауы, ақыл өз бағасын біледі. Екіжүзділік. Ақша мен болашақ үшін қорқыныш.

Мен өзіме көбірек пайдалы болатындай етіп өмір сүре бастадым. 

 

Рак (қатерлі ісік)

 

Терең жара. Ескі реніш. Ұлы жұмбақ немесе қайғы тыныштық бермей, жалмап барады. Жек көру сезімінің сақталып қалуы. «Бұл кімге керек»?

Мен барлық өткен істерді махаббатыммен кешіремін және ұмытамын. Мен бұдан былай өз әлемімді қуаныштарға толтырамын. Мен өзімді сүйемін және мақұлдаймын.

 

Рахит

 

Сезімнің шөлдеуі. Махаббат пен қорғанышты қажетсіну.

Мен – қауіпсіздіктемін. Мен ғарыштың өзінің махаббатынан қуат аламын. 

 

Ревматизм

 

Өзін әлсіз сезіну. Махаббатты қажетсіну. Ұдайы өкіну. Реніш.

Менің өмірім - өз қолымда. Мен оны сүйе түсудемін және мақұлдаймын, сондықтан менің өмірім барған сайын жақсарып келеді. 

 

Өзіне қол жұмсау

 

Сіз өмірді тек ақ пен қара деп түсінесіз. Жағдайдан шығудың өзге жолын көргісі келмеу.

Мен барлық мүмкіндіктерді пайдаланып өмір сүрудемін. Қашанда өзге жол бар. Менде бәрі сенімді.

 

Шаштың ағаруы

 

Стресс. Басымдық көрсету мен қысым жасаудың керектігіне сену.

Өмірімнің барлық саласында да менің жаным тыныш. Маған өзімнің күш-қабілетім жетеді. 

 

Инфаркт

 

Ақша, карьера, т.с.с. үшін жүректегі барлық қуанышты қуып шығу.

Мен қуанышты жүрегімнің ең төріне орналастырамын. Мен барлығына махаббатымды үлестіремін.

 

Мерез

 

Өз күші мен тиімділігін жұмсап алу.

Мен өзіммен-өзім болуды шештім. Мен өз болмысымды осы күйінде қабылдаймын.

 

Өлім

 

Өмір спектаклінен шығу символы.

Мен тәжірибенің жаңа сатысына кетіп барамын. Барлығы жақсы. 

 

СПИД

 

Қорғансыздық пен үмітсіздік сезімі. Бәріне түкіру. Ештеңе де еместей сезіну. Жек көру. Өз сексуалдық айыбын сезіну.

Мен – Ғарыштың бір бөлігімін. Мен оның маңызды бөлігімін, мені өмірдің өзі жақсы көреді. Менде күш пен қабілет жетерлік.

 

Кәрілік

«Қауіпсіз балалық шаққа» оралу. Жәрдем мен өзіне назар аударуды талап ету.

Аспандық қорғаныш. Қауіпсіздік. Бейбітшілік. Ғарыштық сана өмірдің әр деңгейінде әсер етеді.

 

Туберкулез

 

 

Өзімшілдіктен болған төгіп-шашу. Жекешілдік. Қатігез ойлар. Өштесу.

 

Өзімді сүйе және мақұлдай отырып, мен өзіме тыныш және шаттықты өмір жасаймын.

 

 

Безеу

 

 

Ашудың баяу белгілері.

Мен өз ойларымды ауыздықтаймын, жаным жайланады.

 

Төсекке салқындық

 

Қорқыныш. Рахаттануды қабылдай алмау. Сезімсіз әріптестер.

Өз тәнімнен рахат алу – қауіпсіз.

 

Холестерин

 

Қуаныштар келетін каналдың бітеле бастауы. Қуанышты қабылдаудан қорқу.

Мен өмірді сүйемін. Маған қуаныш әкелетін каналдарым ашық.

 

Қорылдау

 

Ескірген стереотиптерге жабысып, басқалардың бәрін ұмыту.

Мен өткеннен жаңаға көшемін.

 

Созылмалы аурулар

 

Өзгерістерді жақтырмау. Болашақ алдындағы қорқыныш. Қауіпті сезіну.

Мен өзгергім және өскім келеді. Мен жаңа және қауіпсіз болашақ құрамын.

 

Эпилепсия

 

Аңду маниясы. Нақты өмірді сезінбеу. Ылғи күрес үстінде сезіну. Өзін-өзі зорлау.

Мен бұдан былай өмірді мәңгі және шаттыққа толы деп санаймын.

 

 

Асқазан жарасы

Қорқыныш. Өзінің кем екеніне деген берік сенім. Жағынуға тырысу.

 

Мен өзімді сүйемін және мақұлдаймын. Менің жаным тыныштықта. Мен – тамаша тұлғамын.

 

         

Сіз мүмкін, менің махаббат, бейбітшілік, қуаныш пен өзін-өзі мақұлдау концепциясын жиі пайдаланатынымды байқаған боларсыз. Егер біз, шынымен Құдайдың құдіретінің жәрдеміне сеніп, өзімізді өзіміз мақұлдап, махаббатқа толы жүрекпен өмір сүрсек, онда бейбітшілік пен қуаныш біздің өмірімізді толтырып, кесел мен қиындық жоламайды. Біздің мақсатымыз – аурусыз, өзіміз қатысқан көңілді отырыстардан рахаттанып өмір сүру. Махаббат ашуды ерітіп жібереді, махаббат реніштерді ұмытуға мәжбүр етеді, махаббат қорқынышты қуады, махаббат қауіпсіздік әкеледі. Егер сіздің өміріңіздің негізінде өзіңізге деген махаббат жатса, онда сіздің өміріңіз жеңіл, үндестікте, сау-саламат, жайнаған қуанышта өтуі тиіс.

Тәни кеселдерге ұшырағанда бұл кітапты пайдалануға болатын пайдалы мысалдар мыналар:

  1. Бұл кітапта кеселдің қандай психологиялық себебі берілгенін табыңыз. Сіздің жағдайыңызда ол шындыққа сай ма, тексеріңіз. Егер олай болмай шықса, онда тыныш отырып: «Менің қай ойларым осыған әкеліп соқтыруы мүмкін?» деп сұраңыз.
  2. Өзіңіз үшін (лажы болса дауыстап): «Мен осы кеселді туындатқан ойлау стеротипінен арылғым келеді» деп қайталаңыз.
  3. Жаңа ой үлгілерін бірнеше рет қайталаңыз.
  4. Сіз аурудан жазылу жағдайында екендігіңізге өзіңізді сендіріңіз. Сіз өз кеселіңіз жайлы ойлаған сайын жоғарыдағы әрекеттерді қайталаңыз.

Содан соң қорытынды медитативтік талдаулар келеді, оларды күн сайын оқу пайдалы, өйткені олар сау сана қалыптастыруға, сол арқылы тән саулығына жетуге мүмкіндік береді.

Махаббатпен емдеу

Менің болмысымның терең ортасында махаббаттың таусылмас қоры бар. Мен сол махаббаттың сыртқа шығуына мүмкіндік беремін. Ол менің жүрегімді, тәнімді, ақыл-ойымды, санамды, менің бар болмысымды толтырып тұр, менен жан-жаққа нұр шашып, одан бірнеше есе ұлғайып, өзіме қайта оралады. Мен махаббатты қаншалықты мол қабылдасам, соншалықты көп етіп қайтаруым керек, оның қоры шексіз. Махаббат маған жақсы көңіл-күй сыйлайды, ол – менің ішкі қуанышымның көрінісі. Мен өзімді жақсы көремін, сондықтан мен өзімнің тәніме махаббатпен қамқорлық жасаймын. Мен қайырымдылықпен оны жақсы дәммен және сусынмен тамақтандырамын. Мен оны махаббатпен жасандырып, киіндіремін. Тән де маған өзінің саулығы мен қуатын сыйлайды. Мен өзімді жақсы көремін, сондықтан өзіме барлық талаптарыма сай келетін, сонда тұру жақсы көңіл-күй әкелетін, қолайлы мекен-жай алдым. Мен бөлмелерді махаббат дірілімен толтырамын, ол махаббатты кірген адамдардың бәрі, соның ішінде өзім де сезіп көңілі қош болатындай етемін.

Мен өзімді жақсы көремін, сондықтан өзіме ұнайтын, одан рахат алатын, менің дарыным мен қабілетімді аша алатын жерде жұмыс істеймін. Мен адамдармен және өзім ұнататын, мені жақсы көретін адамдар үшін жұмыс істеймін, айлығым да жақсы. Мен өзімді жақсы көремін, өйткені менің мінезімде және ойларымда барлық адамдарға махаббатпен қараймын, өйткені менің бергенім өзіме көп есе болып қайта оралатынына мен сенемін. Менің ішкі әлеміме мен тек өзімді жақсы көретін адамдарды шақырамын, себебі олардан менің өз болмысым айнадан көрінгендей көрінеді. Мен өзімді жақсы көремін, сондықтан да мен кешіре білемін, өткенді және барлық өткен тәжірибемді ұмытамын, сөйтіп бостандық аламын. Мен өзімді жақсы көремін, сондықтан да тек бүгінгі күнмен, оның әрбір сәтінен рахат ала өмір сүремін және мені жарқын да қуанышты болашақ күтіп тұрғанына сенемін, өйткені мен Кеңістіктің сүйкімді баласымын, ол мен үшін қазір де, болашақта да қамқорлық жасайды. Шын мәнінде бұл солай.

Мен сіздерді сүйемін.

Сау тән үшін аффирмациялар

Маған менің санам ұнайды:

Менің санам маған менің Тәнім - әсем Ғажайып екенін түсінуге жәрдемдеседі. Мен өмір сүргенім үшін қуанамын. Мен санамның көмегімен өзімді емдей алу қабілетімді таныдым. Менің санам, менің болашағым соған байланысты болатын айдың әрбір секундын таңдап алады. Мен санамды пайдалану арқылы одан емделуге болатын күш аламын. Мен өзімнің көңіл- күйімді жақсартатын ойларды таңдап аламын. Мен өзімнің тамаша санамды сүйемін және бағалаймын!

Маған менің басымның терісі ұнайды

Менің басымның терісі бос және тыныш. Ол менің шашыма төсек болып тұр. Ол менің әдемі шаштарымның өсіп, толық болып тұруы үшін қуат береді. Мен ойларымды, олар менің басымның терісін әдемілеп сылап-сыйпап беретіндей етіп таңдаймын. Мен өзімнің басымның тамаша терісін сүйемін және бағалаймын!

Маған менің шаштарым ұнайды

Мен өміріме маған керек нәрселер жайлы қамқорлық жасауға мүмкіндік беремін, сөйтіп мықты және бейбітшіл адам боламын. Мен басымның терісін жұмсартамын, сөйтіп менің тамаша шаштарымның өсіп, топ-толық болып тұруына мүмкіндік жасаймын. Мен шаштарыма махаббатпен қараймын және олардың өсуі мен мықты болуына жәрдем жасарлық ойларды таңдаймын. Мен өзімнің тамаша шаштарымды сүйемін және бағалаймын!

Маған менің көздерім ұнайды

Менің көзім өте жақсы көреді. Мен барлығын анық және жарқырата көре аламын. Мен өзімнің өткеніме, бүгініме және болашағыма махаббатпен қараймын. Менің санам менің өмірге көзқарасымды айқындайды. Мен барлық нәрсеге жаңаша қараймын. Мен әр адамдағы жақсылықты көре аламын, мен оны қашан, қай жерде болса да көре аламын. Мен өз махаббатыммен өзім көріп отыра беруге құмар өмірді жасай аламын. Мен өзімнің тамаша көздерімді сүйемін және бағалаймын!

Маған менің құлақтарым ұнайды

Мен тыныш, байсалды, өмірсүйгіш адаммын. Мен өз төңірегімде үндестік туғызатын ойларды таңдаймын. Мен барлық жақсы және жәйлі нәрселерді тыңдағанды жақсы көремін. Әр адамның сөздерінен мен махаббатқа шақырудың жасырын түрін естимін. Мен өзгелерді түсінуге тырысамын және оларға жанашырлықпен қарай аламын. Мені менің өмірді тыңдай білу қабілетім қуантады. Менің санам қашан болса да қабылдауға ашық. Мен рахаттана тыңдаймын. Мен өзімнің тамаша құлақтарымды сүйемін және бағалаймын!

Маған менің мұрным ұнайды

Мен өзімді қоршап тұрғандардың бәрімен бейбіт өмір сүремін. Менің үстімнен ешкім, ешқашан билік ете алмайды. Мен өз әлемімде күш пен биліктің иесімін. Мен өзімнің шын құндылығымды мойындайтын ойларды ғана таңдаймын. Мен өз сезіміме сенемін, өйткені мен қашан да Кеңістіктегі Ақылмен және Ақиқатпен байланыстамын. Мен қашан да өзімнің дұрыс жолымды таңдаймын. Мен өзімнің тамаша мұрнымды сүйемін және бағалаймын!

Маған менің аузым ұнайды

Мен жаңа идеялардан қуат аламын. Мен қабылдап сіңіру үшін жаңа концепциялар дайындаймын. Мен Ақиқат заңдары негізінде оңай шешімдер қабылдаймын. Менде өмірге деген жақсы сүйіспеншілік бар. Мен қай нәрсе болсын махаббатпен айтуға мүмкіндік беретін ойларды таңдаймын. Мен не ойласам соны батыл жеткізе аламын, себебі мен өз бағамды білемін. Мен өзімнің тамаша аузымды сүйемін және бағалаймын!

Маған менің тістерім ұнайды

Менің тістерім сау және мықты. Мен өмірге қуанышпен қараймын. Мен өзімнің өткен тәжірибемді толық ой елегінен өткіземін. Мен – табанды адаммын. Менің шешім алуым оңай және оны өзгертпеймін. Мен өзіме мықты ішкі негіз болатын ойларды таңдаймын. Мен өзімнің Ішкі Ақылыма сенемін, өйткені мен қандай таңдау жасасам да, ол маған сол сәтте ең тиімдісі болып шығады. Мен өзімнің тамаша тістерімді сүйемін және бағалаймын!

Маған менің тісімнің еттері ұнайды

Менің тістерімнің еттері – денсаулық кепілі. Олар менің тістерімді ұстап тұр және оны қорғайды. Маған өз шешімдерімді орындау оңай. Шешімдерімді мен ішкі сенімдеріммен салыстырып аламын. Мен тек Ақыл мен Ақиқатты ғана басшылыққа аламын. Мен өз өмірімде дұрыс әрекеттерге әкелетін ойларды таңдап аламын. Мен өзімнің тісімнің тамаша еттерін сүйемін және бағалаймын!

Маған менің дауысым ұнайды

Мен өз пікірімді ашық айта аламын. Мен не ойласам, соны айтамын. Менің сөздерім - өмір музыкасы. Мен әсемдік пен алғысты білдіретін сөздерді таңдаймын. Мен өмірмен толық бірлікте екенімді мәлімдеймін. Мен өзімнің тамаша дауысымды сүйемін және бағалаймын!

Маған менің мойным ұнайды

Мен өзге пікірлердің болуын және мақсатқа жетудің өзге де жолдары болуын қабылдауға әзірмін. Мен мұның бәрін еркін мойындаймын. Мен өзгерістерге ұмтыламын. Мен өзімнің идеялардағы биязылығымды және шығармашылық ерекшелігімді сақтап қалуға зияны тимейтін ойларды таңдаймын. Мен өз ойымды еркін және қуанышпен жеткізе аламын. Мен өзімнің тамаша мойнымды сүйемін және бағалаймын!

Маған менің қолдарым ұнайды

Мен өзімді және өзімнің сүйіктілерімді қорғаймын. Мен өмірден рахаттанамын. Мен өмірдің түрлі жағдайларын дұрыс қабылдау қабілетіне иемін. Мен, маған өзгерістерді жеңіл қабылдауға және кез-келген бағытта алға жылжуға мүмкіндік беретін ойларды таңдаймын. Мен – мықты, қабілетті және қайраткер адаммын. Мен өзімнің тамаша қолдарымды сүйемін және бағалаймын!

Маған менің қолымның сырты ұнайды

Менің қолымның терісі жұмсақ әрі әдемі. Мен рахаттарға еркін беріле аламын. Мен барлық алған жақсылықтарыма лайықпын. Мен, өзімде бар барлық нәрседен рахат алуға болатын ойларды таңдаймын. Мен өзімнің қолымның тамаша сыртын сүйемін және бағалаймын!

Маған менің қолымның сүйектері ұнайды

Менің қолымның сүйектері қалай қаласа, солай өмір сүре алады. Олар, адамдар мен оқиғаларға қалай қарым-қатынас жасау керектігін біледі. Мен, өзімнің өмір сүруіме жеңіл әрі қуанышты болатын ойларды таңдаймын. Барлығы Киелі Құқық анықтаған Тәртіпке сәйкес өтіп жатыр. Мен өмірге махаббатпен қарай аламын, демек мен қауіпсіз жағдайдамын, маған ешқандай қатер төніп тұрған жоқ, өз «менімді» сақтап тұра аламын. Менің жаным жай тауып тұр. Мен өзімнің қолымның тамаша сүйектерін сүйемін және бағалаймын!

Маған менің саусақтарым ұнайды

Менің саусақтарым маған көп қуаныштар әкеледі. Маған, өзімнің ұстап көру және сезіну, сипап көру мен зерттеу, тігу мен жөндеу, орындау және сұлулықты махаббатпен жасаудағы өз қабілетім ұнайды. Мен саусағымды өмірдің пульсінде ұстаймын, мен өзімді қоршаған барлық адамдармен келісімде өмір сүремін. Мен, жұрттың бәріне махаббатпен жанаса алатын ойларды таңдаймын. Мен өзімнің тамаша саусақтарымды сүйемін және бағалаймын!

Маған менің тырнақтарым ұнайды

Мен үшін тырнақтарыма қарау – үлкен қуаныш. Мен – қорғаудамын, мен – қауіпсіз жағдайдамын. Мен тыныштықта тұрғанда, өмірдің ағысына берілгенде, менің тырнақтарым күшті және қатты болып өседі. Мен өзімнің тамаша тырнақтарымды сүйемін және бағалаймын!

Маған менің омыртқам ұнайды

Менің омыртқам – үндестік пен махаббаттың қосылысы. Әрбір омыртқа екі көрші омыртқамен достық байланыста. Олардың барлығының өзара қарым-қатынасы байсалды және мінсіз. Менің күшімнің ғана емес, менің иілгіштігімнің де бастауы – осында. Мен аспанға да жете аламын, жерге де иіле аламын. Мен, маған бостандық пен қауіпсіздік әкелетін ойларды таңдаймын. Мен өзімнің тамаша омыртқамды сүйемін және бағалаймын!

Маған менің арқам ұнайды

Менің арқам - өмірдің өзі. Мен одан моральдық қолдау сезінемін. Мен барлық қорқыныштарды қуып жібере аламын. Мен өзімді сүйікті сезінемін. Мен үшін, менің өткенім де, барлық жүріп өткен жолым да маңызды емес. Мен артта қалып қойған нәрсенің бәрін ұмытамын. Мен бұдан былай өмірдің табиғи дамуына сенемін. Мен, маған керек нәрсенің бәрін беретін ойларды таңдаймын. Өмір маған, одан күткен кезімде де, одан күтпеген кезімде де оңынан қарайды. Өмір – ең керек нәрсе екенін мен білемін. Өмірге деген махаббат мені батыл және келбетті етеді. Мен өзімнің тамаша арқамды сүйемін және бағалаймын!

Маған

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір