• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 22:23:51
Алматы
+35°

20 Наурыз, 2019 Тарих

Оу, халықтың баласы, Отанның баласы! Көрініп шығыңызшы!

Оңған халық айтады; «Баласы уақытында атасы менен анасының баласы, балиғ болып болғансын халқының баласы, отанның баласы» деп.

Барлық мұқтаждық осы күні қазақтың басында: мұнда жер жоқ, мұнда ғылым жоқ, мұнда өнер жоқ. Осындай өздері мұқтаж, өздерінің және бұл мұқтаждықпен істері жоқ, рахат, еш нәрсе ойламайды. Ойламағансын жарлық да, надандық да білінбейді.

Түсініселікші, осы мұқтажды қайғырту кімнің міндеті?! Әр кімнің өзіне міндет пе: болмаса бұ халықтың да мұндай міндетті алуға лайықты адамдар бар ма?!.

Меніңше, бұл міндет – шаруаның міндеті емес, бұл міндет – бас адамдардың міндеті, мұсылманша болсын, орысша болсын оқыған адамдардың міндеті.

Тауарихқа қарасаңыз, халық бастан бұзылады, бастан түзеледі екен, дүниада өзі өзінен қарадан қарап түзеліп ілгері кеткен халық жоқ. Бәрі де бас адамдарының басшылық етіп, халқын қызғандықпен ілгері кеткен.

Оңған халық айтады; «Баласы уақытында атасы менен анасының баласы, балиғ болып болғансын халқының баласы, отанның баласы» деп.

Халықтың баласы қанша болса да бар, мұнда шек жоқ. Тек бірін бірі көре алмай, біле алмай жүр.

Оу, халықтың баласы, Отанның баласы! Қанша болсаңыз да, Алла риза болсын, көрініп шығыңызшы! Көрініп шыққаныңыз сол болсын, аты-жөндеріңізді жазып, «Қазақстанға» жіберіңіз.

Күтіп қалушы «Қазақстан»

"Қазақстан" газеті, №1 (3) 15 қараша, 1911 жыл, Орал қаласы

Ұсынған: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір