• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 15:57:08
Алматы
+35°

Қапияда жүрегіме шер тұнды,
Қайтсем екен жан күйдірген толқынды?
Қазақия қасіреті деп білем –
Періштелер отқа оранған сол түнді.

Бұл – қасірет, қара таңба маңдайда!
Қайран елім, жаннан қымбат ар қайда?
Періштелер аспанға ұшып кеткен жоқ,
Көрге жатты үйсіз-күйсіз шалғайда.

Бетке басып жуастығын жабының,
Белгі беріп тұрғандай ма Тәңірім?
Отқа үйітіп періштелер арманын,
Керең билік қазып жатыр қабірін.

Қасіретті сезінбес тек көрдемше,
Өлген артық бұл зұлматты көргенше.
Жаны сұлу періштелер өлгенше,
Жақсы еді ғой ноқай үкімет жерге енсе.

Қазақия – елім, сүйген мекенім,
Одан безіп, қай ұшпаққа жетемін.
Сай сүйегім сырқырайды ойласам,
Періштелер өлетін жер екенін.

Темірғали Көпбайдың фейсбук парақшасынан

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір