• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:05:06
Алматы
+35°

16 Наурыз, 2019 NEWS

Отандық компанияда қаржы директоры болған Қытай азаматын елден шығарып жіберді

Қытай азаматы Атырау облысында жергілікті компаниялардың бірінде қаржы директоры болып қызмет атқарған

53 жастағы Қытай азаматы Атырау облысына іскерлік визасы арқылы келіп жергілікті компаниялардың бірінде қаржы директоры болып қызмет атқарған. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды  newsasia.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, іскерлік визасы Қазақстанда қызмет етуге жарамсыз. Сондықтан, сот шешімімен Қытай азаматы елден шығарылды.

Сонымен қатар, жедел-профилактикалық шаралар нәтижесінде жыл басынан бері Атырау облысы аумағында заңсыз жүрген 26 шет ел азаматы елден шығарылған. Олардың қатарында 22 Өзбекстан азаматы болса, төртеуі Қытай азаматтары.

Ұсынған: Фариза Жомартқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір