• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 06:54:34
Алматы
+35°

21 Қараша, 2017 Аймақтар

Өскеменде жылу тапшылығы артып келеді

Қалада соңғы 10 жылда өндіріс пен тұрғын-үй құрылысы қарқынды жүргендіктен жылыту орталықтарының қуаты толық жетпей жатыр.

Өскемен қаласында жыл санап жылу тапшылығы сезіліп келеді. Бұл туралы 24.kz жазады. Қазірдің өзінде сағатына 250 Гигакалорияға жеткен. Қалада соңғы 10 жылда өндіріс пен тұрғын-үй құрылысы қарқынды жүргендіктен өткен ғасырдың ортасында салынған жылыту орталықтарының қуаты толық жетпей жатыр. Сондықтан осы саланың мамандары шаһарға тағы бір жылыту орталығын салу мәселесін үздіксіз көтеріп келеді.  Әлеуметтік-маңызы бар стратегиялық нысан қашан салынады? Өскемен қаласында қазір екі жылылыту орталығы бар.

Екеуі де өткен ғасырда сол кезеңдегі халық саны мен өндірістік қутақа есептеліп салынған.  Ал бүгінде қала тұрғындарының саны 300 мыңнан асады. Жыл сайын кем дегенде 5-6 әлеуметтік нысан пайдаға беріледі. Өндіріс өрістеген  сайын, жылуға да тапшылық байқалады. Сондықтан  Өскемен жылу электр орталығы» қосымша  нөмірі 16-шы қазандықты салуды 2016-жылы жоспарлаған. Оған  шамамен 30  миллиард теңге қажет. 

 Жылуға деген тапшылықты  жою үшін  тағы бір орталық керек екенін  энергетиктер  соңғы 5 жылда үздіксіз айтып келеді. 2014-жылы техникалық негіздемесі де дайын болған. Бірақ стратегиялық нысанды салуға әзірше қаржы жоқ.

Алдын ала жасалған техникалық негіздеме бойынша жаңа орталық салынса, сағатына бір мың ГКалория жылу, 400 Мегавват электр өндіреді.  Бірақ  стратегиялық маңызды нысанға қанша қаржы қажет екені және құрылысы қашан басталатыны әзірше белгісіз.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір