• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 11:40:24
Алматы
+35°

25 Қаңтар, 2019

"Оскарға" ұсынылған "Айка" фильмі үміткерлер қатарынан шығып қалды

Мәскеудегі қырғыз мигрант қызының тағдыры туралы «Айка» драмасы тек шорт-листке дейін ғана жете алды.

Режиссер Сергей Дворцевой «Айка» фильмінің көрерменге көрсетілуіне ақша жетпегендіктен «Оскар» номинанттары тізіміне енбей қалғандығын айтты.

«Біздің фильм - мықты. Киноның деңгейіне қарасақ, біздің фильм ондағы фильмдерден кем емес. Тіпті көбіне мықты деуге болады», - деді Дворцевой. 

Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында режиссер фильмнің таралымына ақша бөлу керектігін, өкінішке қарай ондай қаражаттың болмағанын айтты.

«Картинаның көбірек адамға көрсетіп, промоушенмен айналысу керек. Ол үшін қаражат керек. Ол картиналарда бізбен салыстырғанда мол бюджет бар. Себебі ол Netflix, Sony Pictures және басқа компаниялардың атынан қатысады. Яғни мұндай қаражатсыз көрерменге жету қиын. Деңгей бойынша біз ол тізімде (номинанттар тізімінде) болуымыз керек. Бірақ бюджет жағынан ол мүмкін емес», - деді ол.

Сөйтіп, Қазақстан атынан «Оскар» жүлдесіне ұсынылған «Айка» фильмі үміткерлер қатарынан шығып қалды. Қазақстан атынан жүлдеге үмітті болған Сергей Дворцевойдың Мәскеудегі қырғыз мигрант қызының тағдыры туралы «Айка» драмасы тек шорт-листке дейін ғана жете алды.

Былтыр мамыр айында «Айка» фильмінде басты рөлде ойнаған отандасымыз Самал Еслямова осы фильмдегі рөлі үшін «Канн» фестивалінің «Үздік актрисасы» атанған.

Ұсынған Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір