• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 09:01:51
+35°

06 Қазан, 2018 NEWS

Опера жұлдызы Монсеррат Кабалье қайтыс болды

Жерлеу рәсімі дүйсенбі күні өтеді деп жоспарлануда.

Бүгін Барселонада есімі әлемге әйгілі опера әншісі Монсеррат Кабалье 85 жасында қайтыс болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Бұл туралы Испанияның La Vanguardia басылымы хабарлады.

Даңқты әнші түнде Сан-Пау ауруханасында көз жұмған. Қыркүйек айында Монсеррат Кабальенің науқастанып, Барселонадағы ауруханалардың бірінде емделіп жатыр деген ақпарат тараған еді. Журналистер оның қуық безі ауыратынын да ашық мәлімдеген.

Монсеррат Кабалье 1933 жылы Барселонада дүниеге келген. Ол 1954 жылы сол қаладағы Лисео театры жанындағы консерваторияны бітірген. Сахнадағы еңбек жолын 1956 жылы Базель операсы әншісі болып бастаған. 1960 жылдардың ортасына дейін Кабалье Еуропадағы түрлі опера театрларында өнер көрсеткен.

1965 жылы Монсерра Кабалье Карнеги-холлда қойылған Гаэтано Доницеттидің "Лукреция Борджиа" операсында америкалық әнші Мэрилин Хорнның орнына сахнаға шығып, ән шырқағаннан кейін оның есімі әлемге танылған. Сол жылы ол алғаш рет "Метрополитен-операда" ән салған, Кабалье ол жерде 1980 жылдардың соңына дейін өнер көрсетті.

Жерлеу рәсімі дүйсенбі күні өтеді деп жоспарлануда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір