• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:06:55
Алматы
+35°

11 Ақпан, 2019 NEWS

Оңтүстікте көпбалалы екі отбасы баспаналы болды

Бүгінде қоғамда қайырымдылық жасап, елге қол ұшын созатын азаматтар көбейіп келеді

Бүгінде қоғамда қайырымдылық жасап, елге қол ұшын созатын азаматтар көбейіп келеді. Солардың бірі – Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының кәсіпкері Сырым Ертаев. «Қайып ата» ЖШС басшысы, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына енген азамат өз қаржысы есебінен көпбалалы 2 отбасыға баспана салып берді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Жомарт жүректі кәсіпкерге алғысын білдірген екі отбасы бүгінде жаңа баспаналарында бақытты ғұмыр кешіп жатыр. Қазақстанда  ет экспортының әлеуетін көтеріп, шетелге ет тасымалдап жүрген Сырым Ертаев өз кәсібі арқылы көптеген тұрғындарды жұмыспен қамтып отыр. Осылайша, ол «Қазақстандағы 100 жаңа есім» қатарына шынайы ел патриоты ретінде енгенін ісімен дәлелдеді. Алдағы уақытта да қайырымдылық шараларына атсалысуды көздеп отырған кәсіпкерге ел дән риза.

Қазіргі таңда Қазығұрт ауданында қайырымдылық жасаудан жарыс өтіп жатыр деуге болатындай. Мәселен, жуырда ғана еліміздегі 11 миллионыншы қазақтың отбасына аудан әкімдігі жаңа пәтердің кілтін тапсырды. Мұхтар Әбдірахым Қазығұрт ауданы Қарабау ауылдық округі Үшбұлақ ауылында дүниеге келген.  Ол Қазақстанда туған 11 миллионыншы қазақ болып тіркелген. Мұхтардың әкесі Мәлік Бадамбаев ауыл шаруашылығымен айналысады. Анасы Шолпан Күдербекова – мектепте мұғалім. Үйлі болған отбасы ел азаматтарына алғысын айтты.

Күні кеше ғана Қазығұрт ауыл округінің тұрмысы төмен 30 отбасына депутаттардың демеушілігімен азық-түлік беріліп, көмек көрсетілді. Отбасыларға облыстық мәслихат депутаты Н.Аширов және аудандық мәслихат депутаттары демеушілік танытты. Ал, аудандық "Жалында жастар" қоғамдық бірлестігі облыс және аудан кәсіпкерлерінің қолдауымен әлеуметтік жағдайы аз қамтамасыз етілген отбасыларға үй-жиһаздарын және азық-түлік алып берген. Қайырымдылық іс-шаралары алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Ұсынған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір