• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 20:29:45
Алматы
+35°

28 Ақпан, 2019

Оғыз Доған жаңа үкіметке: Қазақша сөйлеңіздер!

Ең маңыздысы, өз қателігіңді дер кезінде түсіну емес пе?!

Тіл жанашыры Оғыз Доған өзінің фейсбук парақшасында жаңадан құрылған қазақ үкіметіне қатысты базынасын білдірді.

«Сіздер, жарқын келешегі бүгіннен көрініп, жарқырап тұрған, түрік дүниесінің көшбасшысы - Қазақстанымыздың басқарылуында ең биік орында қызмет етейін деп жатқан, өте бақытты да өте беделді тұлғаларсыздар!.. Сіздерді жаңа лауазымдарыңызбен құттықтай отырып, жүзеге асырайын деп жатқан істеріңізде сәттілік тілеймін...

Ұлы қазақ халқы, ғасырлар бойы бастан кешірген сансыз қайғы-қасіретке, жаудың аяусыз шабуылдарына, ашаршылықта айрылған миллиондаған ұл-қызына, репрессияда жоғалтқан мыңдаған отансүйер зиялысына қарамастан, намысын бермеген, түркінің киелі ұлы даласын тастап кетпеген, тілін, дінін, мәдениетін аяққа таптатпаған халық екенін менен жақсы білесіздер... Мұндай теңдесі жоқ ұлтқа "үкімет" болу қандай бақыт!..

Қазақ халқының сондай азапты кезеңдерден, түрік тілінің сұлтаны, қаймағы, гауһары - ана тілін сақтап қалуының арқасында аман қалғанын филолог маман ретінде сендіріп айта алуға толық құқығым бар деп ойлаймын!..

Сол үшін, ең алдымен сіздерден бұрынғы министрлердің басқару органдарында қазақ тілінде онша сөйлей бермеуінің, көршінің тілін қазақ тілінен үстем көруінің қателік екенін, осының ұлы қазақ халқына лайық емес екенін мойындаңыздар... Қателіктен сабақ алу – ол ақылдылық. Өмірде қателеспейтін адам болмайды. Ең маңыздысы, өз қателігіңді дер кезінде түсіну емес пе?!

Бойында қазақтың қаны бар туысқандарыңыз, түріктің жеті атасын білетін баласы ретінде сіздерден өтінемін, бұрынғы қателікті қайталамай - ҚАЗАҚША СӨЙЛЕҢІЗДЕР!..

Өмірін қазақ тіліне арнаған, қазақ тілі жөнінде 2 кітап, ондаған ғылыми мақала жазған филолог доктор ретінде сіздерден сұраймын, бұрынғы қателікті қайталамай - ҚАЗАҚША СӨЙЛЕҢІЗДЕР!..»

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір