• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 12:32:38
Алматы
+35°

Оғыз Доған қазақ тілінде қызмет көрсетуден бас тартқан Qazkom банкінің бөлімшесімен соттаспақ. Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қолданушаларды Qazkom банкіне шағым түсіруге шақырды. 

«Құрметті ағайын, сіздерді ҚАЗКОМ компаниясының тегін 7111 нөміріне қоңырау шалып, 0-ді басып, Астана/Сарыарқа филиалында бүгін болған оқиғаға байланысты шағым түсіруге шақырамын!!!

Банк қызметкерімен сөйлескен кезде филиал қызметкерлерінің қазақ тілінде қызмет көрсетуден бас тартқанын және клиентке дөрекілік көрсетіп мекемеден қуып шығарғанын айтуды ұмытпаңыздар!..

Қазақ халқынан кешірім сұрасын! Әйтпесе Эйр Астана сияқты оларды да халқымның алдында тізе бүктіремін!», деп жазды Оғыз Доған өзінің жеке парақшасына.

Еске сала кетейік, Оғыз Доған Air Astana әуе компаниясының қызметкерлерін қазақ тілінде сөйлемегендері үшін сотқа беріп, сотта жеңіп шыққан болатын.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір