• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 10:04:31
Алматы
+35°

19 Наурыз, 2019 Аймақтар

Нұрсұлтан Назарбаев Астананың болашақ бас мешітінің іргетасын қалау рәсіміне қатысты

«Бұл тек құлшылық ететін орын емес, қала қонақтары мен туристер келетін елорданың көрікті нысандарының бірі болады."

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астананың бас мешітінің құрылыс орнына тас қойды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл нысан ЭКСПО-қалашықтың жанындағы жаңа саябақ аумағында бой көтеріп, көлемі бойынша Ботаникалық саябақтан да үлкен болады.

Қала әкімдігінің дерегі бойынша, мешіттің сыйымдылығы 30 мың адам. Оны демеушілер салып жатыр.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, арнайы қорға түскен қаржыны жинауға барлық ниет білдірген қазақстандықтар, соның ішінде кәсіпкерлер де қатысқан.

елбасы

Ғимараттың жалпы аумағы 57 мың шаршы метр, биіктігі 130 метрді құрайды. 3 500 көлікке арналған ашық және жабық көлік тұрақтары салынады деп жоспарланып отыр.

«Бұл тек құлшылық ететін орын емес, қала қонақтары мен туристер келетін елорданың көрікті нысандарының бірі болады.  (...) Мен таяуда БАӘ-де болып, алтыннан тұрғызылған шейх Заид мешітін көрдім. Бұл мешіт 3-4 жыл бұрын ғана ашылса да, оған жыл сайын алты миллион турист барады. (...) Алла ісімізге береке берсін», - деді Нұрсұлтан Назарбаев тас орнату рәсімінде.

Президент бұл нысанның құрылыс барысын өзі бақылайтынын мәлімдеді. «Астана 2020» қорының атқарушы директоры Нұржан Мыңжасаров журналистерге берген сұхбатында мешіттің тек Орталық Азияда ғана емес, бүкіл ТМД елдеріндегі ең үлкен мешіт болатынын, сондай-ақ әлемдегі осындай ғимараттардың алып ондығына кіретінін жеткізді. Оның сөзіне қарағанда, мешіт екі жылда салынып бітеді. 

елбасы

Еске салайық, қазіргі уақытта Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт саналатын Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің аумағы 17 700 шаршы метр. Оны 2012 жылдың 6 шілдесінде ашты.

Ұсынған: Мақпал Сембай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір