• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:09:36
Алматы
+35°

11 Наурыз, 2019

"Нұрлы жердің" қанша пәтері "7-20-25" бағдарламасы бойынша сатылады?

"7-20-25" бағдарламасы үшін қолжетімді пәтерлердің ең көп саны Шымкентте (1282 пәтер), Ақтөбеде (605 пәтер) және Солтүстік Қазақстан облысында беріледі.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жоспары бойынша, 2019 жылы әкімдіктер "Нұрлы жердің" 3 355 пәтерін "7-20-25" бағдарламасы бойынша сату үшін бөледі , - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі kaz.tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, "7-20-25" бағдарламасы үшін қолжетімді пәтерлердің ең көп саны Шымкентте (1282 пәтер), Ақтөбеде (605 пәтер) және Солтүстік Қазақстан облысында (411 пәтер) беріледі.
7-20-25

Еске салайық, осыған дейін"Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер әкімдіктерде кезекте тұрғандар мен "Тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің" салымшылары арасында бөлінген еді. Алайда тұрғын үйлерді өткізу қағидаларына өзгерістер енгізуге байланысты жыл басынан "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша берілетін тұрғын үйге "7-20-25" бағдарламасына қатысушылар да қол жеткізетін болды. Егер нарықта тұрғын үйді сатып алу кезінде "7-20-25" бағдарламасына қатысушылар пәтерді құрылыс компанияларының сату бөлімдері арқылы таңдаса, мемлекеттік тұрғын үйді алу жағдайында пәтерлердің болуын және сипаттамаларын жергілікті әкімдіктерден нақтылау қажет.

7-20-25

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір