• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:32:54
Алматы
+35°

15 наурызда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Крайстчерч қаласындағы екі мешітте болған қайғылы оқиғаға байланысты Жаңа Зеландияның генерал-губернаторы Пэтси Реддиге көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорда сайтының дерегін негізге алып. Жұма күні болған шабуылдан 49 адам көз жұмған.

"Біз жаһандық қауіпсіздік пен бейбітшілікке қатер төндіретін терроризм мен экстремизмнің кез келген түрін қатаң айыптаймыз. Қазақстан елдеріміздің бейбіт өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қазіргі заманның қауіп-қатерлеріне қарсы ынтымақтастықты жалғастыруға әрқашан дайын" делінген жеделхатта.

Ұсынған: Әсел Болатқызы

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір