• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:26:48
Алматы
+35°

05 Қазан, 2018 Ғылым-білім

Назарбаев "Үш ауысымды мектеп деген не сұмдық?" деп Сағадиевті сөкті

Сағадиев Елбасының тапсырмасын бұлжыртпай орындай ма, жоқ па, уақыт еншісіндегі дүние.

Назарбаевтың әркез ғылым-білім мәселесіне ерекше көңіл бөлетіні бесенеден белгілі. Биылғы Жолдау бұрынғыдан өзгеше болды деуге негіз бар. Себебі білім мәселесіндегі мынандай мәселелерді атап өтті: балабақшағы бейнебақылау камералары, ұстаздар статусы, жиналыстарды азайту, ЖОО-дың рейтингісін өзгеше анықтау, Ресейге оқуға кететін жастар. Мұның бәрі соңғы жылдары ең көп талқыланған мәселелер болатын.

Астананың демографиялық хал-ахуалына байланысты, анығырақ айтқанда, халықтың өсуіне байланысты үш ауысымды мектептер пайда болатыны айтылған еді. Бұл мәселе де Елбасына назарынан тыс қалмады. "Үш ауысымды мектеп деген не сұмдық? Бала қашан оқиды, қашан демалады?" деп шошыған ол үш ауысым дегеннің көзін құртуды тапсырды. 

Баланы зорлайтын педофилдер, баланы ұрып-соғатын ересектердің көбейген заманында бала қауіпсіздігі ата-ананың уайымына айналғаны бұлтартпас шындық. Елбасы осыны ескере отырып, барлық балабақшаларға бейнебақылау камераларын орнатуды бұйырды. 

"Жоғары оқу орындарының рейтингісін дұрыс бақыламаймыз. Олардың қаншалықты өнімді жұмыс жасайтындарын бітіріп кеткен студенттердің жұмысқа тұруымен байланыстырып анықтау қажет" деді Нұрсұлтан Әбішұлы. Егер белгілі бір ЖОО-ның студенті мамандығы бойынша жұмыс істесе, құба-құп. Ал, жұмыс таба алмай, сандалып жүрсе, оны оқытып-тоқытқан ЖОО-ны жабу керек" деп қара қылды қақ жарды.

Ресейге оқуға кететіндер жастар мәселесінен де Елбасы хабардар болып шықты. Ондай статистикаға таң қалмайтынын да жеткізді. "Ресейге кететін жастардың көбісі солтүстіктен екендігі белгілі. Бірақ оңтүстік аймақтан баратын жастар да көп екен. Мұны қалай түсінеміз?" деп сауал қойды. "Қай жерде білім сапасы мықты, сол жақта кететіні түсінікті" деген Назарбаев бұл мәселеге алаңдаулы екендігін байқатты.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір