• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 17:29:40
Алматы
+35°

20 Наурыз, 2019 NEWS

Назарбаев өзінің кеңесшісін тағайындады

Назарбаев "Нұр Отан" партиясының жетекшісі және Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болып қала беретінін жеткізді.

Тұңғыш президент кеңсесінің басшысы тағайындалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Махмұд Қасымбеков Қазақстан тұңғыш президенті кеңсесінің басшысы болып тағайындалды.  Ал, Абай Бисембаев Қазақстан тұңғыш президенті іс басқарушысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Бақытжан Темірболатқа Қазақстан президенті кеңсесінің бастығы міндетін уақытша атқару жүктелді. Ерлан Баттақов Қазақстан президентінің іс басқарушысы міндетін уақытша атқарады.

Назарбаев қол қойған жарлық 19 наурызда Ақорда сайтында жарияланды.

19 наурызда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев орталық телеарналар арқылы мәлімдеме жасап, өкілеттілігін тоқтататынын мәлімдеді. 

Назарбаев "сайлау кезінде сенген" халыққа алғыс айтты. Ол "Нұр Отан" партиясының жетекшісі және Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болып қала беретінін жеткізді.

Назарбаев сайлау өткенге дейін уақытша президент қызметін сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа сеніп тапсырды. 

Ұсынған: Фариза Жомартқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір