• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 23:15:35
Алматы
+35°

05 Қазан, 2018 NEWS

Назарбаев: Мұғалімдерді артық жұмысқа жегесіңдер

Елбасы 2019 жылдан бастап мұғалімдер статусына баса назар аудару керектігін мәлімдеді.

Елбасы 5 қазанда Ақорда резиденциясында халыққа Жолдауын жариялайды. Жолдауын жарияламас бұрын Қазақстанның бүгінгі күнге дейінгі жетістіктерін тізіп, алдағы жоспарларды атады.

Елбасы Жолдауын ұлттық телеарналар мен Ақорданың Фейсбуктегі ресми парақшасы тікелей эфирде көрсететін болады.

Нұрсұлтан Назарбаев білім мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Балабақша мәселелері мен мектептегі мұғалімдерге жүктелген ауыр жұмысты сынады.  2019 жылдан бастап мұғалімдер статусына баса назар аудару керектігін мәлімдеді.

«Мұғалімдерге күш салмау керек. Сайлауды да жүргізетін мұғалімдер, үгіт-насихатты да жасайтын мұғалімдер. Бірақ бір де бір ісіне ақша төлемейді. Ал олар сабаққа дайындалу керек. Оның үстіне бітпейтін тексерістерді азайту керек», - деді Елбасы.

Елбасының 2017 жылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауында ел экономикасын өркендетіп қана қоймай, білімді дамыту, руханиятымызды жаңғырту, қауіпсіздік шараларын күшейту, діни экстремизмнің алдын алу, қылмыстық жазаны өтеп жатқан азаматтарды теологиялық тұрғыдан сауаттандыру мәселелері айтылды.

Мемлекет басшысы өскелең ұрпақты өз бетімен ізденуге үндеп, осы бағытта оқыту бағдарламаларын жетілдіруді тапсырды. Сонымен қатар, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу қажеттігін сөз етті.

Ал 2018 жылы 10 қаңтарда «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын жариялады. Онда Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындады.  үш тілді меңгерген кез келген этникалық топтың өкілі Президент бола алатыны айтылды. 2018 жылы зейнетақы мен жәрдемақының және мұғалімдер жалақысының неше пайызға өсетінін хабарлады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір