• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:19:16
Алматы
+35°

17 Қазан, 2018 Экономика

Назарбаев: Әлі күнге дейін Nokia ұстаймын, iPhone-ды мойындамаймын

Nokia телефонымды ұмытып кетіппін, әйтпесе көрсете едім»,- деді Назарбаев.

Финляндияда іссапармен жүрген мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы әлі күнге дейін Nokia ұстайтынын айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып.

♦Финляндия 100 жылда жердегі жұмаққа қалайша айналды?

Хельсинкиде жүрген Назарбаев Nokia компаниясының жетекшісімен кездескенде "Nokia – әлемге белгілі компания. Қиын күндерді де артқа қалдырды. Өз басым iPhone-ды мойындамаймын. Nokia телефонымды ұмытып кетіппін, әйтпесе көрсетер едім",- деді. "Сіздерде ескі телефондар бар ма?" деп қызығушылық танытқан Назарбаевқа финдік компанияның өкілі "Жыл сайын  ностальгиялық телефондарды шығарамыз. Оларды банан телефон дейміз. Және Nokia 3310 да ностальгиялық телефондар қатарынан",-деп жауап қатты.

♦Түсте бір мызғып алған финнің қалтасы қалыңдай түседі

♦Финляндиялық қорап қазақтың әйелдеріне керек-ақ

"3310 деген телефон бізде бар ма?" деп елең қаққан Назарбаевқа компания өкілдері сол телефонды тез арада тауып беретіндіктерін жеткізді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір