• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 04:53:21
Алматы
+35°

22 Қазан, 2018 Саясат

Мирзиеев «гимндетіп жүріп,  сол «союзге» кіріп кетпесе болды!»

Расы керек, өзбектер бұл кездесуге бұрын-соңды болмаған дәрежеде дайындалды

Соңғы үш күннен бері Ресей президенті Владимир Путиннің Өзбекстанға сапары жайлы бүкіл БАҚ пен интернет көздері жазып жатыр. Расы керек, өзбектер бұл кездесуге бұрын-соңды болмаған дәрежеде дайындалды. Басқа емес, әуежайға президент Мирзияевтың өзі барып Путинді  күтіп алды. Бірақ Путиннің мысы басты ма, білмеймін, Ресейдің әнұраны ойналар сәтте өзбек президенті қолын кеудесіне апарып қойды. Ал Путин болса, міз бақпай тұра берді. Өз әрекетіне ұялған болуы керек, содан кейін ғана барып, Мирзиеев қолын төмен түсірді.

 Aidos Sarym өзінің  Фейсбуктегі әлеуметтік парақшасында осыған қатысты былай деп жазды:

...Ауру қалса да, әдет қалмайды деген осы-ау!
Кеше Путинді қарсы алып жатқан кезде "Союююз нерушиимый..." деп гимндетіп жатқан сәтте, Мырзиеев автоматты түрде қолын жүрегіне қойып жатыр. Сосын «осы тірлігім артық болып кеткен жоқ па?» дегендей қарнын сипағандай қолын түсіре салды. 
Сасып қалған сияқты, ағайын ағамыз.

...
«Гимндетіп» жүріп, сол «союзге» кіріп кетпесе болды!»

 Путиннің пәтуасы 20 келісім  және 2 миллиард доллар

 Сапар барысында 20 келісімге, қаржылай айтқанда, 2 миллиард доллар тұратын сауда-экономикалық инвестициялық құжаттарға қол қойылды. Таяудағы уақытта орыстар өзбек экономикасына  осыншама қаржы құятын болды. Енді мыңдаған өзбек талапкерлері Ресейдің жоғары оқу орындарында оқиды. Сапар барысында сарапшылардың ең назарын аударған жоба орыстар өзбек жерінде атом электр стансасын салады. Аталған келісімнің ішіндегі ең ірісі де осы болып отыр. 2028 жылға дейін салынатын бұл ең ірі инвестициялық жобаның тиімділігі мынада: аталған станса іске асатын болса, Өзбекстанның энергетикалық саласы дамиды, сыртқы елдерге қуат көздерін экспорттайтын болады.

 Өзбектер қазақ билігінің алдын орап кетті

 Бұл орайда өзбек билігі Ресеймен мәмілеге келу  арқылы Қазақстанның алдын орап кетейін деп тұр. Ал біздің билік «армандап» отырған ресейліктермен АЭС салу жобасы әлі қолға алынған жоқ. Қазақ билігі елде атом электр стансасын салуды 2013 жылы бастап көтеріп келеді. Бұл туралы президент Назарбаев арнайы  тапсырма бергені де  белгілі. Тіпті сол кездегі Энергетика министрі Владимир Школьник АЭС Ақтау қаласының төңірегінен, Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласынан немесе Балхаш көліндегі Үлкен поселкесінің маңайынан салынатынын да айтқан. Алайда мұның барлығы да осы күнге дейін қағаз жүзінде қалып келеді. Мұның себебі неде? Өзбекстан Ғылым Академиясы тарих институтының қазіргі заман тарихы және халықаралық зерттеу бөлімінің меңгерушісі Равшан Назаровтың айтуынша, «мұның екі себебі бар. Біріншіден, қазақстандық шенеуніктердің энергетикалық проблемаларды шешудегі белсенділігі төмен. Екіншіден, осы уақытқа дейін  Семей, Капустин Яр, Ембі, Сарышаған полигондарының зардабын тартып келген қазақстандықтарда  атом электр стансасын салуға  қатысты қатты алаңдаушылық бар. Сондықтан да Қазақстанда бұл жоба қағазбасты күйінде қалып отыр. Ресейліктердің өзбек жерінде АЭС салуға қатысты әңгімесінен кейін Қазақстанда да белсенділік пайда болуы мүмкін».

♦Мирзиеевтің АҚШ-қа сапары: Трамп өзбек басшысына қандай уәде берді?

 

Берік Бейсенұлы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір