• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 00:20:32
Алматы
+35°

 

Биологияда «мимикрия» деген құбылыс бар. Белгілі бір жануар, не жәндік өзін қоршаған ортаға сай өңі мен түсін өзгертеді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Яғни, сыртқы қалыбын өзгертуі.

Айтпағымыз, псевдосалафилер туралы еді. Өздерін салафиттер деген атпен идеологиясын таратып жүрген уахабилер, қазіргі сыртқы тонын өзгертті. Олар қоғам арасында уахабилер мадхалилер, суруридтер, байсалды салафиттер деген атпен белгілі. Бұлардың арасында өзара келіспеушіліктері болғанымен, кітаптары мен ғалымдары ортақ (бұрыннан бар ақпарат). Енді қазіргі таңда аттарын қалай өзгертті дейсіздер ғой. Өздерін "ханафи мазхабымын" деп, тақия киіп алды (тақия деген өздерінің мақсатына жеткенше қоғамның формасында болуы). Оңалту жұмыстарында теологтардың ыңғайына жығылған болып көрінгенімен, үйлеріне барып өз сенімдері бойынша әрекет ете береді. "2013-2015 жылдары республика бойынша дәстүрлі бағытқа өтті" деген кейбір діншілдер, шекара асып Сирия жеріндегі отқа жөнелді. Бұл жердегі мәселе олардың сыртқы түрін өзгертіп, ішкі сенімінде қала беруі. Бүгінгі бұл сенімдегілер қоғамның өздеріне араздығын, қолдамайтынын білген соң, ақырын айлаға көшті. Оның аты – мимикрия. Яғни, саясатты қолдау, билікті ашық қолдау, пікірталасқа түспеу, сыртқы қалыпты өзгерту, әлеуметтік желіде жалған топтар ашып, тасадан тас ату. Олардың тарапынан мұндай құбылыс байқалғасын билікте ашық күресті баяулатты. Яғни жеңдік деген сыңай көбімізде байқалғанға ұқсайды. Алайда бұлардың бұл тірлігі кезіндегі орыс генералы Кутузовтың тірлігіне ұқсайды.

Фелдьмаршал Кутузов Наеолонды жеңу үшін орыс патшасын Мәскеуді тастауға көндіріп еді ғой. Артынша үлкен күшпен келіп, Напеолон әскерін ойсыратты. Әрине айтпағымыз орыс генералы емес еді. Айтпағымыз, әдіс айлада болып отыр. Себебі соғыс тек ғана қолмен ғана емес, ақпараттық соғыс та жүріп жатқаны белгілі. Біз салафилердің осы шегінісін пайдаланып, ұлттық тарихи санамен ұштасқан дәстүрлі түсінікке қырауар ақша бөліп, қазақ қоғамын идеялық көркем тартымдылықпен баурап алуымыз қажет. Көптің қолдауы енді келер жат идеяларды жұтып алып, оның орнына көк шөптегі фотосинтез процесі сияқты жақсы идеялар ұсынып отырар еді. Кезіндегі Кеңес үкіметінің саясаты қазақ даласына қарапайым шаруаны құқығын қорғау желеуімен келген еді. Салафилердің де уақыты толғанда басқаша әдіс шаралармен келуіне ешкім күмән келтіре алмас. Өйткені кез-келген идеология халыққа тартымды әдіспен келері хақ. Олай болмаса, халықтан қолдау болмайтынын жақсы түсінеді. Бір айтарымыз, 90 - жылдары жіберген қатеміздей, санымызды тағы да соғып қалмасақ болғаны. Біздің өзімізге де рухани жаңғырып, ақылды қозғап, сананы билер идеялық тартымдылығы мол әдіс қажет.

Өкінішке қарай біздің көп жұмыстарымыз халықты сақтандырғанымен, оларға тартымдылық жағын ұсына алмай жатқанымыз. Оның бір ғана себебі бар. Ол — маман. Хакім Абай айтпақшы «ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстайтын» мамандар тапшылығы. Біздің идеология саласындағы басшылықтағы мамандарымыздың рационалды пікірлері, яғни  тек ғана «суық ақылды» (суық ақыл жүректі қозғар идеялық тартымдылықта болуы қажет) бағыттары халықтың көңілінен шықпай жатыр. Сондықтан, жекелеген идеологтардың (жат бағыттағы) халыққа өтімділігі артып отыр.

Жарас Ахан, тарихшы

 

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір