• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:42:57
Алматы
+35°

20 Қазан, 2018

«Мұзбалақты» көрдің бе?

«Мұзбалақ» -  Қазақстан тарихындағы  «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» анимациялық фильмінен кейінгі жарыққа шыққан тарихи, ғылыми, көркем өнер туындысы.

  «Мұзбалақ» -  Қазақстан тарихындағы  «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» анимациялық фильмінен кейінгі жарыққа шыққан тарихи, ғылыми, көркем өнер туындысы.

«Мұзбалақ» ертегілік, аңыздық сана, салт-дәстүрлік сана, діни сана, ғылыми сана сынды тарихтан бүгінге дейін қалыптасқан бес қат сананы фильмнің басталуынан соңғы нүктесіне дейінгі оқиға желісіне сіңірген. Бейнелік, фантастикалық, логикалық, писихологиялық, метафизикалық секілді  осы бес түрлі ойлау тәсілін фильмдегі үлкенді- кіші, жағымды – жағымсыз кейпкерлердің жан дүниесіндегі ашық және жасырын жатқан ой құпияларына сіңіріп, көрерменнің көз алдында кейпкер характерін терең аша білген. 

Аждаһаның адам баласына от пен уын шашып, бейбіт отырған берекелі халыққа тосыннан тап беруі көрерменді үрейге бөлейді. Малын бағып, отын жағып, салқын жайлау, самал белде берекесімен айрандай ұйып отырған бейбіт ауылды қара қан жұтқан аждаһа келіп, тоз- тозын шығарады. Бұдан жауыз күштердің қан төгу жолындағы жағымсыз әрекеттерін көреміз. Осыдан соң есін сәл жиған ауыл адамдары аждаһаны қалай жеңудің, одан қалай қүтылудың жолын іздейді. Анимациялық фильмде аждаһаны жеңудің жолын көрсеткен бақсы бейнесі ертегілік санадан таңдап алынған тамаша тағылымды образдардың бірі. Тылсым дүниемен тілдескен бабалар философиясының құпия қырының жарқын бейнесі. Бір жамандық боларда қазақ ырымында қазандағы ас аунап, ақ төгіледі, сиыр мөңіреп, ат кісінеп, ит ұлып, ай тұтылып, күн күйеді. Фильм авторлары қазақтың осы салттық сана дәстүрін аждаһа ауылға шабуыл жасаудан бұрын сүттің төгілуінен бастап ұтымды да жарасымды пайдалана білген.

         Авторлар Мұзбалақты ұстау жолындағы Шегір мен Ақтай  арасындағы көріністерді де өте дәл беріп, адалдық пен арамдықтың ара – жігін көрермендердің  көз алдында ашып көрсетеді. Шегірдің қарадүрсін әрекетпен бүркіт баптауы, Мұзбалақтың мойнына тас асып қорлауы, жауға атар жебесін Құлан батырға атуы оның  түп характерін ашып береді. Ақтайдың Мұзбалақтың енесінің түсіп қалған тырнағын достық ретінде мойнына тағуы, Мұзбалақты құрсаудан босатып қоя беруі, көкбөрілер шабуыл жасағанда әлгі  тырнақты қару етіп, қас жауынан құтылуы мен басқа көріністер нанымды шыққан. Бұл характерлерді даралап көрсетудегі символдық тәсіл.

Аждаһаның Құлан батырды жұтып қоюы, Шегірдің өзімшіл, надан, пасық ойының іске асуы өмірде  мұндай сатқындар бұрын да болғанын, қазір де барын ұқтырады. Аждаһаның жүрегін жарып сыртқа шығуы Құлан батырдың өлмеген рухының  тірі бейнесі десек болады. Бұл  ақиқаттты харамның жеңе алмайтындығының жарқын көрінісі. Ең соңында өліп, құлап бара жатқан аждаһаның астында қалуға айналған Шегір батырды Ақтайдың құтқарып қалуы «жақсылыққа жақсылық –әр адамның ісі, жамандыққа жақсылық ер адамның ісі» деген баба тағылымының мәні барын көрсетеді.

«Мұзбалақ»  соңғы 50 жылда жасалған толық метражды 67 минутқа жалғасқан, ұлттық бояуды бойына сіңірген фильм. Фильмде

Қазақстандағы киелі мекендер көрініс табады. Бұл Мұзбалақ арқылы тарихты зерделеп, бүгінге жеткізген, болашаққа ой ұзатқан озық туындыларымыздың бірі. Мұны адам мен табиғат, ізгілік пен жауыздық, қорқақтық пен батырлық, қыран құсты қолына қондырып, ата қонысын сақтап, ата аманатын ақтап отырған халықтың даналығы деп тану абзал. Сондықтан фильм авторлары Тұрлыбек Майдан мен Тілек Төлеуғазының ерен  еңбегі ақталды деп білеміз.

 Болат Бопайұлы, этнограф жазушы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір