• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 18:11:16
Алматы
+35°

26 Ақпан, 2019 Аймақтар

Медицинадағы «қағазсыз аурухана» жүйесі жұмысты барынша жеңілдетеді

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуге көшуге тиіс

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздегі медицинаның сапасын арттыруға қатысты бастамалар көтерді және осы саланың басшыларына тапсырма берді.

–2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуге көшуге тиіс. Бұл 2020 жылға қарай бүкіл тұрғындардың электронды денсаулық паспорттарын жасауға, кезектерді, бюрократияны жоюға, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді,–деп атап көрсетті Елбасы өз Жолдауында.

Расында да қазіргі кезде бұрынғыдай емес, емханалардағы жағдай жақсарды. Бұрынғыдай ұзын сонар кезек көрінбейді. Денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық құжаттаманы қағазсыз жүйеге көшіруге қатысты жұмыстар жүйелі  түрде жүргізілуде.

Әрине, Президент тапсырмасына орай жүргізіліп жатқан заманауи жұмыстардың барлығы да құптауға тұрарлық. Өйткені, бүкіл әлем қазіргі уақытқа цифрландыру жүйесіне көше бастады. Қазақстан да бұл орайда көштен қалмауы керек. Осыған байланысты Қазақстан Президенті үкіметтің алдына үлкен міндеттер қойды. Алдымен медицина саласын қағазсыз форматқа көшіруге қатысты әр аймаққа жүйелі тапсырма берілді. Ең алғаш рет аталған пилоттық жоба еліміздегі ең іргелі өңірлердің бірі Қарағанды облысында жүзеге асты. Бұл дұрыс та шығар. Өйткені Қарағандыдан кейін бұл жобаның кем-кетіктері ескерілді, сосын барып басқа аймақта жүзеге асырылуға көшті. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы бұл орайда медицинадағы қордаланған түйткілдерді толыққанды шешуге ықпал етті деп айтуға болады. Өйткені Қарағандыда басталған пилоттық жоба қалған өңірлерде қолдау тапты және ол толыққанды нәтижесін берді деп айтуға толық негіз бар. Айта кетер бір жайт, Қазақстан үкіметі медицинаны қағазсыз жүйеге көшіру мәселесін кезең-кезеңмен жүзеге асыруға көшті. Сонымен, Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 927 бұйрығына сәйкес, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап медицинаны қағазсыз форматқа  көшіру жүзеге аса бастады. Атап айтар болсақ...

  1. Пилоттық жобаның бірінші кезеңіне Ақмола, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының денсаулық сақтау ұйымдарының қосылғанын айта кеткен жөн.
  2. Аталған жылдың II кезең аясында Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Павлодар және Алматы облыстарының денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері пилоттық жобаның жағымды лебін сезіне бастады.
  3. Пилоттық жобаның III кезеңі барысында   қалған 8 өңір медицинаны электрондық форматқа көшірді. Атап айтар болсақ, олар – Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан Атырау, Қызылорда облыстары мен Астана, Алматы және республикалық мәртебе алған Шымкент қаласы.  Осы аймақтар  ІІІ кезең аясында медициналық құжаттамаларды электрондық форматқа көшірді. 

Нақты дерекке жүгіну дұрыс шығар, бірақ ақиқатына келгенде, медицина саласын электрондық форматқа көшірудің тиімділігі барған сайын айқындала бастады. Мұны жоққа шығаруға болмайды. Бұл ең алдымен ем алуға немесе дәрігерге қаралуға барған науқасқа да тиімді. Өйткені бұрынғыдай емхананың тіркеу бөліміне барып, медициналық картасын алмайды немесе соның кезегінде  тұрмайды. Дәрігердің қабылдауына алдын ала онлайн немесе интернет арқылы жазыла алады. Тіпті дәрігердің ыстық ілтипаты мен қабылдау мәдениетіне қатысты өз пікірін де электрондық жазба арқылы білдіре алады. Әрине, қалай айтқанда да, электрондық жүйе медицинаны  қағазбастылықтан құтқарады. Мұны Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев те атап өтті. Вице-министрдің дерегіне сенсек, шамалай айтқанда, пилоттық жоба жүзеге асқан үш кезеңнің аясында республика бойынша 700 -ден са денсаулық сақтау ұйымдары қағазсыз  электрондық жүйеге көшірілген.

Расында да Елбасы тапсырмасына сәйкес, жүзеге асырылып жатқан Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы ең алдымен медицинадағы қордаланған проблемаларды шешіп, заманауи озық жетістіктерді қолданысқа енгізді деп нақты сеніммен айтуға болады. Өйткені бүкіл әлем қазір даму үстінде. Сонау өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының ортасындағы орын алған көріністей, ешкім де медициналық картасын арқалап немесе сумкасына салып жүрмейді. «Егер  бүкіл сырқат тарихыңыз жарияланған медициналық картаңыз жоғалып кетер болса, онда бәрі құрдымға кетті» дей бер. Ал «қағазсыз аурухана» жүйесінің бұл орайда тиімділігі өте үлкен. Сіздің сырқат тарихыңыз ешуақытта жоғалмайды. Компьютердің «электрондық қамбасында» сақтаулы тұрады және пациенттердің дәрігерлерге, аурухана қызметкерлеріне деген  сенімі күн өткен сайын артады.  Мұны Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің деректері де айғақтап тұрғандай. Атап айтар болса...

-Электрондық қызметтің нәтижесінде емханаларда бұрынғыға қарағанда кезек күту екі есе азайған;

-сырқат жандар мен дәрігерлердің уақыты 50 пайызға үнемделген;

-Ақпараттар қолжетімді бола бастады;

-Мобильдік байланыс арқылы анализ бен зерттеу нәтижелерін алудың уақыты 2,5 есе азайған. Нақты айтар болсақ, 5 сағаттан 2 сағатқа дейін кеміген.

-Сонымен қатар, жұмыс орындарының саны 1,6 пайызға оңтайландырылған.

-Медицинаны электрондық жүйеге көшіру тиімділігін көрсеткен;

-Қағазбастылық азайған. Тіпті медициналық қағаз құжаттамасында жылына 3 200 тонна қағаз үнемделген.

Міне мұның барлығы да соңғы жылдарда медицина саласында болып жатқан оң өзгерістер екенін айта кеткен жөн.   Расында да енді дәрігерге барудың еш қиындығы жоқ. Тіпті қолыңдағы ұялы телефон арқылы дәрігерге алдын ала тіркеліп, кеңес алуға болады. Анығында «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы жаңа мүмкіндіктерге жол ашқаны ол енді ақиқат.  Мұның тиімділігін қазір бүкіл халық көріп отыр. Шындығында  «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында медицина қызметінің жұмысы алға жылжыды. Бұл  «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының нәтижесі екендігі сөзсіз.

Еркін Қалдан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір