• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 04:19:03
Алматы
+35°

15 Наурыз, 2019 Саясат

Мәулен Әшімбаев: Съезден кейін «Nur Otan»-ның ел дамуындағы рөлі арта түсті

М.Әшімбаев: съезден кейін «Nur Otan»-ның ел дамуындағы рөлі арта түсті

 Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары партияның Орталық аппаратында өткен жиында айтты. Жиын барысында партияның кезекті XVIII съезінде қабылданған жаңа бағдарламасы мен Елбасының берген тапсырмаларын іске асыру мәселелері талқыланған болатын.

Өз сөзінде Мәулен Әшімбаев съезде Мемлекет басшысы анықтап берген әлеуметтік жобалар туралы айтып, олардың партияның алдағы уақыттағы жұмысының негізгі бағыты болатынын жеткізді.

– Бұл бастамаларды ұлттық жобалар десек те, артық емес. Себебі, аталған жобалар аз қамтылған, көп балалы отбасыларға көмек көрсету, ауылдық жерлерді көркейту, өңірлерді дамыту сияқты өзекті әлеуметтік мәселелерді қамтиды. Сондықтан партияның Орталық, аймақтық және аумақтық құрылымдары осы жобаларды тиімді жүзеге асыруға күш жұмсауы тиіс, – деді Мәулен Әшімбаев.

Қазіргі таңда Елбасының бастамасымен қолға алынған «Бақытты отбасы» жобасы Алматы қаласында нәтижелі жүзеге асырылуда. Сол арқылы қалада аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету шаралары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Мәулен Әшімбаев өзге өңірлердің де осы тәжірибені ескеріп, аталған саладағы жұмыстарды «Бақытты отбасы» жобасы аясында іске асыру керектігін айтты.

Келесі «Құтты мекен» жобасы аясында инженерлік инфрақұрлымды дамыту бағытындағы игі істер жүзеге асырылса, «Ауыл – ел бесігі» жобасы арқылы ауылдық жерлерде жұмыс орындарын ашып, бизнеске қолайлы жағдай жасап, денсаулық сақтау, білім беру ісін жетілдіріп, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүргізіледі.

Тағы бір маңызды бастама «Халыққа көмек» жобасы арқылы партия қазақстандықтардың күнделікті өміріндегі өзекті мәселелерді оң шешуге ықпал етуді көздеп отыр. Қазірдің өзінде партияның қоғамдық қабылдау бөлмелері Бірыңғай әлеуметтік терезе жүйесінде жұмыс істеуде. Жоба аясында тұрақты мониторинг жүргізіліп, қоғамдағы өзекті мәселелердің оң шешілуіне де жағдай жасалады.

Сөз соңында партия Төрағасының Бірінші орынбасары «Nur Otan»-ның халық пен билікті байланыстыратын алтын көпір болу керектігіне көңіл бөлді.

– Қазіргі таңда «Nur Otan» халықтың мүддесін қорғайтын және Елбасының барлық тапсырмаларының орындалу барысына бақылау жүргізетін негізгі институт болып табылады. Съезден кейін партияның ел дамуындағы рөлі одан әрі арта түсті. Елбасы бізге ауқымды міндеттер жүктеп отыр. Халықтың да съезде айтылған шаралардан үлкен үміт күтетіні белгілі. Сондықтан партия жаңа қарқынмен, ерекше екпінмен жұмыс істеуі керек. Партия Үкіметпен, бизнес қауымдастықпен, үкіметтік емес ұйымдармен күш біріктіріп, Елбасы тапсырмаларын орындауда үйлестіруші рөл атқаруы тиіс, – деді Мәулен Әшімбаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір