• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 02:25:01
Алматы
+35°

11 Қазан, 2018 Саясат

Мәулен Әшімбаев: «Айқын» мен «Литердің» орталыққа көшуі өте орынды шешім

Мәулен Әшімбаев: «Айқын» мен «Литердің» орталыққа көшуі өте орынды шешім

Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары «Айқын», «Литер» газеттерінің Астанадағы жаңа редакциясына барған кезде айтты.

Осыған дейін Алматыдан шығып келген аталған екі басылым осы аптада Астанаға көшіп келді. Соған орай бүгін Мәулен Әшімбаев редакцияларға арнайы барып, газеттердің ұжымымен және басшылығымен кездесті. Кездесуде ол бүгінде партиялық ақпарат құралдарының алдында контентті жаңғырту, материалдардың жазылу стилі мен жеткізу формаларын өзгерту сияқты жаңа міндеттер тұрғанын айтты. Сондай-ақ басылымдардың Астанаға көшуі партиялық жаңғырудың бір көрінісі екенін де тілге тиек етті.Нұр Отан

– Қазір Астанада саяси, ғылыми және зиялы орта қалыптасты деуге толық негіз бар. Мұнда еліміздің болашағын айқындайтын үлкен жиналыстар, ірі іс-шаралар, түрлі халықаралық басқосулар өтеді. Газеттеріміздің негізгі бағыты Елбасы саясаты мен тапсырмаларының орындалуы, Үкіметтің, Парламенттің атқарып жатқан жұмыстары екені белгілі. Сондықтан басылымның орталыққа көшуі өте орынды. Бұл екі газет партияның басылымы болғандықтан, олардың Орталық аппаратта орналасуының өзі Елбасы саясатын насихаттау үшін де жақсы бастама. Сондықтан бұл шешімді партиялық жаңғыру жолындағы символикалық қадам деп қабылдауға болады, – деді Мәулен Әшімбаев.

Аталған басылымдардың редакциялары Қонаев көшесіндегі «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының ғимаратында орналасқан. Мұнда ұжымның шығармашылықпен айналысуы үшін барлық жағдай жасалған. Сондықтан енді газеттердің мазмұны мен форматын да жаңғырту керектігін айтқан Мәулен Әшімбаев: «Осы жолда Елбасы тапсырмаларының орындалуын қатаң қадағалап, кейбір өңірлердегі олқылықтарды газет беттерінде батыл жариялауымыз қажет, – деді.Нұр Отан

Одан бөлек, партия Төрағасының Бірінші орынбасары екі редакцияның қызметкерлеріне әлеуметтік мәселелерді оңтайлы шешу үшін партия тарапынан қолдау көрсетілетінін де жеткізді. Яғни алдағы айдан бастап қызметкерлердің айлығы 20 пайызға көбеймек. Бұдан басқа, олардың мемлекеттік бағдарламалар бойынша жеңілдікпен пәтер алуына да партия қол ұшын созатын болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір