• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 11:38:36
Алматы
+35°

09 Желтоқсан, 2018 Аймақтар

Маңғыстаулық самбошылар ашық турнирде топ жарды

Сайысқа еліміздің 3 қала, 14 облысынан барлығы 600 спортшы қатысқан

6-8 желтоқсан күндері ССРО спорт шебері Қайрат Мейрамбаевты еске алуға арналған самбо күресінен 23 жасқа дейінгі ұл-қыздар арасында ҚР чемпионаты өтті. Талдықорғандағы жарыстан Маңғыстау командасы 1 орынға ие болды.

Сайысқа еліміздің 3 қала, 14 облысынан барлығы 600 спортшы қатысқан.

Маңғыстау құрама командасының мүшелері «Жас батыр» спорт мектебінің самбошылары тұңғыш рет өз бақтарын сынаған. Нәтижесінде олар 4 алтын, 2 күміспен қарсыластарын басып озды.

Атап айтсақ, Дәурен Төлегенов (52 келі), Бауыржан Нарбаев (57 келі), Рамазан Мамаев (62 келі), Ақниет Тұрдан (64 келі) алтын жүлде алса, Нұрбек Қуанышұлы (68 келі) мен Ерғазы Бағдат (74 келі) күміс медаль еншіледі.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді сайысқа сақадай сай етіп дайындаған – бапкер Берік Жұмағалиев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір