• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 19:38:31
Алматы
+35°

04 Қазан, 2018 Аймақтар

Маңғыстауда парадан бас тартқан қызметкерге сыйақы берілді

Қызметкерге сыйақы 5000 теңге көлеміндегі параны алудан бас тартқаны үшін табысталған

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Заң басқармасының жетекші маманы П.Қ. Қылышбай 40 АЕК мөлшерінде, яғни, 96 200 теңге ақшалай сыйақымен марапатталды. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қызметкерге сыйақы 5000 теңге көлеміндегі параны алудан бас тартқаны үшін табысталған.

«Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Заң басқармасының жетекші маманы П.Қ. Қылышбай бір жолғы ақшалай сыйақы түрінде 40 АЕК мөлшерінде марапатталды. Ол сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік танытқаны үшін, атап айтқанда, өз құзыретіне кіретін мәселелерді жедел қарау және Маңғыстау облысы бойынша МКД ішкі қауіпсіздік басқармасына уақытында жүгінгені үшін 5000 теңге сомасында пара алудан бас тартқаны үшін ақшалай көтермелеу алды», — делінген хабарламада.

Ал пара беруші «Қылмыстық құқық бұзушылық туралы» ҚР кодексінің 367-бабы 1-бөлігімен (пара беру) кінәлі деп танылып, оған жаза түрінде 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір