• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

30 Наурыз, 09:23:39
Алматы
+35°

17 Қазан, 2018 Аймақтар

Маңғыстауда «7-20-25» бағдарламасы бойынша 194 өтінім қолдау тапты

«7-20-25» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы негізінде екінші деңгейлі банктермен 1,6 млрд. теңгеге 194 өтінім мақұлданды

«7-20-25» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы негізінде екінші деңгейлі банктермен 1,6 млрд. теңгеге 194 өтінім мақұлданды». Облыс әкімдігінде өткен аппарат жиынында Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Эльдар Машырықов осылай деді.

Биыл 9 айдың қорытындысы бойынша 910,5 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілген. Жыл соңына дейін іс жүзінде 1,0 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Облыс бойынша тұрғын үймен қамтамасыз етілу 1 тұрғынға 22,4 шаршы метрді құрайды (ҚР бойынша – 21,6 шаршы метр).

Айта кетейік, жыл соңына дейін Ақтау қаласында 2300 пәтер тапсырылмақ.

-Пайдалануға берілетін тұрғын үйлер көлемінің қарқыны жыл сайын 10%-ға өсіп отырса және халық саны 3%-ға өссе, тұрғын үймен қамтамасыз етілу көлемі 2025 жылға 1 тұрғынға 30 шаршы метрді құрайды. Қосымша несиелер тұрғындарға қайтарымдылық, ақылылық және мақсатты пайдалану негіздерінде беріледі. Қосымша несиенің жылдық мөлшерлемесі 7%-дан аспайды, несие мерзімі – 3 жыл, - дейді Эльдар Машырықов

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір