• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 18:38:34
Алматы
+35°

13 Қазан, 2018 Аймақтар

Маңғыстау ауданына 90 жыл!

Сонымен қатар ауданның мерейтойына орай бірқатар нысан пайдалануға берілді

Маңғыстау облысындағы ең көне аудан Маңғыстау ауданы құрылғанына 90 жыл толды. Осыған орай екі күнге арналған мерейтойлық шаралар жоспарланды.

Ауданның құрылуы мен қалыптасуына үлес қосқан бірқатар азаматтарға Маңғыстау ауданының 90 жылдық мерейтойына орай ауданның «Құрметті азаматы» атағы беріліп, мерекелік медальдар тапсырылды.

Сонымен қатар ауданның мерейтойына орай бірқатар нысан пайдалануға берілді. Олардың қатарында Жыңғылды ауылында, Шетпе-1 шағынауданында, Қосбұлақ ауылында ашық спорт алаңы, Тұщыбек ауылында, Ұштаған ауылында 4 пәтерлі муниципалды тұрғын үй бар.

Шараның екінші күні орталық паркте аға буын өкілдерінің 30 жыл бұрын «Болашақ ұрпаққа арнап қалдырған хатын» ашу рәсімі өтті. Сонымен қатар, аламан бәйге, құнан, тай жарыстары, теңге алу сынды ұлттық ойындар ұйымдастырылды.

mangystaumedia.kz мәліметінше, Маңғыстау осыдан 90 жыл бұрын Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің «Қазақ ССР Автономиясын аудандастыру туралы» 1928 жылдың 3 қыркүйегіндегі №743 қаулысы бойынша Адай округінің құрамында құрылды. Ол кезде жаңа ауданның орталығы Форт-Шевченко қаласы еді.

1939 жылдың 16 қазанында Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Жарлығы бойынша Маңғыстау ауданы екі ауданға бөлінген. Оның бірі – орталығы Форт-Шевченко қаласы болатын Шевченко ауданы болса, екіншісі – орталығы Куйбышев селосы болатын Маңғыстау ауданы. 1940 жылы аудан еңбекшілерінің өтініші бойынша Гурьев облыстық Кеңесі атқару комитетінің шешімі бойынша аудан орталығы Таушық поселкесіне (Социалистік городок) көшірілген.

Ауданның қазіргі орталығы Шетпе селосына 1964 жылы 15 мамырда көшірілді.

90 жылдық мерейтойын тойлап жатқан Маңғыстау ауданында бүгінде 38700 адам тұрады, 7 ауылдық округ, 5 ауылға қарасты барлығы 21 елді мекен бар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір