• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:20:22
Алматы
+35°

15 Наурыз, 2019 Ғылым-білім

Астаналық зағип жасөспірім менталды арифметика бойынша ISMA-2019 халықаралық олимпиадасында суперчемпион кубогын жеңіп алды. Орталықта оқыған кезінде Абылай Мұстафин аудио жазбадағы материалдарды Брайль қарпіне аударумен айналысыпты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz  сайтының дерегін негізге алып. 

"Бала өзгелермен тең дәрежеде олимпиадаға қатысты. Ол методика авторы Гүлжан Бердібековаға академиялық материалдарды көзі нашар көретін және зағип жандарға арналған қаріпке аудару туралы ой тастаған болатын", - деп хабарлайды ISMA орталығы.

Шара Астанада 8 наурызда өткен. Олимпиадаға барлығы 559 оқушы қатысыпты. Турнирге әлемнің алты еліндегі оқу орталықтарының мамандары төрелік етті. Олимпиада 11 академиялық деңгей және 5 бірдей жас категориясы бойынша өткен. Жарыс қорытындысына сәйкес 43 қатысушы кубок және суперчемпион титулын иеленіп, 96 адам чемпион кубогын жеңіп алды, қалғандары бірінші, екінші және үшінші орындар алған.

Олимпиаданы Ресей, Өзбекстан, Әзербайжан, Беларусь және Қырғызстанның төтенше және уәкілетті елшілері келіп көрді.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын Ақтау қаласынан шыққан 12 жастағы Орынгүл Арыстан менталды арифметикадан әлемдік рекорд орнатқан команданың құрамында болған еді. Жарыс Ресейде Екінші Еуразиялық әйелдер форумы аясында өтіп, оған дүние жүзінің түкпір-түкпірінен 150 оқушы қыз қатысқан болатын. Балалар 26 минут 26 секунд 12 миллисекундта 30 мың есеп шешті.

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір