• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:56:03
Алматы
+35°

14 Ақпан, 2019 Әлеумет

Қазіргі таңда елімізде баспаналы болудың біраз мән-жайы қарастырылған. Соның бірі тұрғын үй кооперативтері арқылы баспанаға қол жеткізу. Кей адамдардың сөзіне сенсек, кооператив арқылы баспанаға қол жеткізіп, көп кешікпей қоныс тойын тойлағандар да бар. Ал, екінші топтың ойында күмән мен күдік. Бүгінде елімізде бірнеше кооперативтер бар. Олардың ішінде «Отау KZ», «Свой дом», «Берекелі баспана», «Шаңырақ» сынды тұрғын үй кооперативтерін жиі естіп жүрміз. Олардың қызметі қандай?

Мәселен, «Отау KZ» тұрғын үй кооперативінің үй аламын деп келген кез-келген тұрғынның алдына қоятын талабы мынадай: Егер сіз 10 миллион теңгеге үй сатып алатын болсаңыз, бастапқы жарна 15%  яғни 1 жарым миллион теңге бересіз. 500 мың теңге ол жылжымайтын мүліктің бір реттік комиссия ақысы. Ал, қалған қарызды максималды мерзім 20 жылға дейін 0%-бен бөліп қайтаруға болады. Кооператив сіздің жасыңызға шектеу қоймайды және несие тарихын қарап ай сайынғы табысты есептемейді. Бұл аты аталған тұрғын үй кооперативінің инстаграм парақшасында көрсетілген мәліметтері ғана.

«Отау KZ» кооперативіне телефон шалып, осы уақытқа дейін қанша адам баспаналы болды және жалпы қызметтері туралы жан-жақты ақпарат алғымыз келді. Алайда Ақбота есімді маман жауап беруден бас тартты.

Бүгінде «әр қазақ баспаналы болуы тиіс» атты авторлық мастер-класпен республиканың түкпір-түкпірін аралап,  өзінің білімін паш етіп, қаракөз қазақтардың баспаналы болуына үлес қосып жүрген эксперт Дәулет Мұқаев былай дейді:

«Алдымен, тұрғын үй кооперативіне сену-сенбеу әр адамның өз еркінде. Бұл сұрақ саналы түрде ойланып шешім қабылдайтын дүние. Кооператив арқылы үй алу, ала алмау мәселесіне келетін болсақ, ол сол жерде отырған басшылықтың тікелей адал қызметіне байланысты. Ал, жұмысқа тиянақты болып, халыққа адал қызмет етсе, үй алуға болады. Ал, біздегі жағдай:  кооперативке өтініш берген адам көбейген сайын оның  барлығын ұжым қамти алмай қалады. Өшірет те көбейеді. Соңында салымшылар үй ала алмай қалады. Біздің елімізде заң бойынша кооператив ашу да, жабуда жеңіл. Кейін кооператив жабылып қалып немесе шығынға ұшыраған жағдайда салымшылардың жағдайы қиын болады. Өйткені мемлекет тарапынан ешқандай кепілдік жоқ. Мысалы белгілі бір банктен депозит ашсаңыз, мемлекет сізге ақшаңыздың жоғалмайтынына кепілдік береді. Ал, кооператив ондай кепілдік бермейді.

Кооперативтің де екі түрі болады. Бірі тұрғын үй кооперативі, екіншісі тұрғын үй құрылыс кооперативі. Екеуінің де ара жігін ажыратып алу керек. Кооператив туралы заң соңғы рет 1997 жылы қарастырылған.

Мен осы салада кеңес бергелі, алдыма ақшасын ала алмай қалып, жылап-еңірегендер жиі келеді. Тіпті 2 миллиондап ақша салып, сотқа барса да түк өндіре алмай қалып жатқандар да болды. Алғашында «екі ай күтесің» деген кезектің арты екі жылға ұласқан. Олардың негізгі жұмыс істеу тәсілі алғашында ақша саласың, сосын тағы ақша салып күтесің. Тіпті сізден бір ғана құжат – жеке куәлігіңізді ғана сұрайды. Кей жағдайда алған үйіңіз сіздің атыңызға да жазылмауы мүмкін.

Бұл жерде екі түрлі пікір бар. Басында кооператив арқылы үй алып алғандар жақтайды. Ал, соңынан үй ала алмағандар даттайды. Сондықтан, бұл қадамға баспас бұрын тұрғын бәрін зерттеп біліп алу қажет».

 «Берекелі баспана» кооперативіне де қоңырау шалып, нақты үй алғандар тізімі мен жан-жақты қызметі туралы сұрадық. Кооперативтің Алматы қаласындағы маманы Шекеева Жанаргүл Амангелдіқызы былай деп жауап берді.

«Кооператив 2017 жылы 5-сәуірде заңдық тұлға ретінде әділет министрлігіне тіркелген. Ешқандай коммерциялық ұйым емес. Отбасылық жағдайы төмен, жалақысы аз адамдарға арналған жоба. Ұйым ешқандай пайыз көрмейді. Тек жылдық пайыз 2-2,5 ғана. Ол да кооперативтің ішкі жұмысына кетеді. Үй алу үшін алғашқы жарнаға 37%  төлейсіз. 30% үйдің алғашқы жарнасы. Ал қалған 7% кооперативке жұмсалатын ақша. Өшірет мерзімі 6 ай. Кооператив жұмыс жасағалы бері 38 адам баспаналы болды».

Ал, маман нақты салымшылар санын анықтап, мәлімет бере алмады. Кеше ғана Астана қаласында өртке оранған бес сәбидің өлімінен кейін, осындай кооперативтер «мемлекеттік бағдарлама арқылы пайызсыз үй алып береміз» деп интернет желісінде әртүрлі ақпарат тарата бастады.

Баспаналы болу әр адамның арманы. Алайда, мұндай кооперативтердің қызметіне жүгінбес бұрын барлығын егжей-тегжейлі зерттеп алғаныңыз жөн. Ақша саларда үлкен тәуекелге бел буатыныңызды ұмытпағаныңыз абзал.

     Даулет Мұқаев

Әсем Мерекеқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір