• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 23:56:49
Алматы
+35°

18 Қазан, 2018 Спорт

Көкпаршыларымыз «Көшпенділер ойындарында» келісіп ойнады ма?

«Ақ жол» жетекшісі сондай-ақ министрлікті «Әділ ойынға» («FairPlay») қатысты тексеріс жұмыстарын жүргізуге шақырды.

 

 «Ақ жол» жетекшісі Азат Перуашев Мәжілісте өткен Дене шынықтыру және спорт туралы заң жобасын талқылау барысында бірқатар мәселелерге байланысты өз көзқарасын ортаға салды.

«Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында әлеуметтік инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз етуді, 100 спорт кешенін ашуды және жаңа спорт ғимараттарында мектеп оқушыларының спортпен тегін шұғылдануын қолға алуды тапсырды. Неліктен Заң жобасында бұл нормалар жоқ? «Ақ жол» фракциясы аталмыш заңға осындай талаптарды енгізетін болады», - деді депутат.

Ол мемлекеттік қаражатқа салынған кешендердің жеке меншік иелеріне беріліп, кейін олардың қарапайым халық үшін қолжетімсіз бағаларды белгілегені жөнінде мысалдар келтіріп өтті.

«Сайып келгенде, бұл нысандар сол балалардың ата-аналары төлеген салықтарының есебінен салынады. Неліктен олардан ақша талап етіп, есіктерін тарс бекітеді? Бұл жерде бұқаралық спорт немесе қолжетімді спорт залдары туралы қандай сөз болуы мүмкін? Содан кейін барып әр жерден шетелдік легионерлерді шақырамыз», - деп өз ашуын жасырмады Перуашев.

«Лондонда өткен ойынды естеріңізге алсаңыздар 7 бірдей алтын медаль! Елге үлкен қуаныш әкелді, әрбір жеңімпазға 250 мың доллар ақшалай сыйлық, пәтерлер, ордендер...»

Ал содан кейін допинг дауы, медальдардан айырылу, неткен қорлық еді.. Манеза, Чиншанло, Подобедова ... Олар ең құрығанда өзіміздің отандастар болса игі еді, бүкіл өмірін қазақстандық спортқа арнаған. Оларды не себепті елге тартты? Алатын ақшасын алып, кейін лақтырып кету үшін бе сонда?

Жақсы, болашақта сіздер медальден айырылған жағдайда сыйақыларды қайтаруды ұсынарсыздар, ал сіздер сол легионерлерден тым болмаса мемлекеттік наградаларды, ордендерді қайтарып алдыңыздар ма?», - деп сұрады ол. Вице-министр Сәкен Мұсайбеков допингті қолданған жарыстардан шеттетілген легионерлерден мемлекеттік наградалар қайтарылып алынбағанын айтты.

«Президент айтқандай спорт залдарын неге тегін етпеске, чемпиондарымызды өзіміз дайындап шығарайық», - деп түйіндеді Перуашев. – Сіздің министрліктеріңіз жоғары жетістікті спорт түріне ғана емес, балалар секциясынан бастап бұқаралық спортқа да жауап берулеріңіз қажет».

«Ақ жол» жетекшісі сондай-ақ министрлікті «Әділ ойынға» («FairPlay») қатысты тексеріс жұмыстарын жүргізуге шақырды. Осы орайда қоғамның назарына ілігіп, түрлі әңгімелерге негіз болған Қырғызстанда өткен әлемдік «Көшпенділер ойындарында» қазақстандық көкпаршылардың өзбек командасынан ұтылып қалғаны жөнінде мысал келтіріп өтті. Бұл оқиға жұртшылық пен жанкүйерлердің күшті реакциясын туғызып, спорттық этика мәселелерінің бетін ашты.

«Министрлік келісіп алынған ойындарды назардан тыс қалдырмай, мұндай әділетсіздікке жол бермеуі керек. Дәл солардың кесірінен талантты спортшылар кетуде, елдің спорттық абыройына нұқсан келуде. «Ақ жол» фракциясы заң жобасына спорттық этика жөнінде осындай ұсыныстарды енгізеді», - деп атап өтті Перуашев.

С. Мұсайбеков Көшпенділер ойындарында орын алған жағдай барып тұрған сорақылық екенімен келісті. «Біздің көкпаршылардың барлық көрсеткіштер бойынша өзбектерден жеңіліп қалуы мүмкін емес еді. Олар – әлемнің мықтылары. Әрине, келешекте арнайы механизмдеріміз болуы қажет», - деп ол мәселенің маңыздылығын баса айтты.

 

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір